Аймақ басшысы Н.Нәлібаев қай кезде де білім саласына қатты көңіл бөліп келеді. Бюджеттің шығысының басым бөлігін құрайтын бұл саланың кем-кетігі де бітер емес. Облыс әкімі Н.Нәлібаев Астана сапарында Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірлесіп бірқатар шешімдер қабылдады. Соның бірі аймақта білім саласын дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама қабылданатын болды. Аталмыш бағдарлама – білім сапасын арттыру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім нысандарының инфрақұрылымын дамыту, бала саны көп мектептер жанындағы қосымша құрылыстар мен апатты жағдайдағы білім ошақтарының және бейімделген ғимараттардың мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Облыстағы білім беру саласын жетілдіруге бағытталған бұл ұсыныстар министрлік тарапынан қолдау табатын болды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолдауымен облыста алдағы 3 жылда Ұлттық жоба аясында 21 жайлы мектептің құрылысы жүргізіледі.
Қызылорда өңірінен шыққан Білім министрі Бисенбаев үшін аймақтағы білім ошақтарының жағдайы белгілі болса керек.
(Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар)