Белкөл кентінде де жарқын жобалар жүзеге асуда. Бұл елді мекенде жасалған игілікті іс – теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 көшеге қиыршық тас төселіп, 2 көше күрделі жөндеу көрді. Жаяу жүргіншілер жолдары да жаңаланып, Бірқазандағы орталық көше асфальттанды.

Қала әкімімен кездесуде кент тұрғындары Дариха Бегалиева, Мұхамеджан Аблаев кент шетіндегі көшелерге жарық бағаналарын орнатуды сұрады.Мұнан бөлек, кент клубының орнына жаңа ғимарат қажет екендігін жеткізді. Қала әкімі өз кезегінде барлық ұсыныстарға қатысты нақты шешімдер қабылданады деді.

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі одан әрі Қосшыңырау ауылдық округінде жалғасады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған