Арал ауданындағы мектептердің бірінің бас есепшісі бюджет қаражатын өз мақсатына пайдаланып, 2023 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың тамыз айы аралығында штаттық кестеге сәйкес жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударып, 20 млн. теңгені бас пайдасына жаратқан.

Еңбек демалысы кезінде де өзінің есепшотына ақша аударған. Тергеп-тексеру барысында сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 20 млн. теңгеден астам шығын келген.

Сот шешімімен бас есепші еліміздің Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды. Ол қаржылық материалды жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға шеттетіліп, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығынды үкім заңды күшіне енген соң 2 ай мерзімде өз еркімен мемлекет пайдасына өндіру жүктелді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған