Айта беретіндей, биылғы жылдың алты айында аймақ экономикасы мен әлеуметтік дамуында, қай жағынан болса да өсім бар. Құрылыс қарқыны артты,өнім өндіру көлемі өсті дегендер жалан сөз болып қалмас үшін Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары А.Әбілдаевтың Өңірлік Коммунркациялар Қызметі алаңындағы брифингте айтқан мәліметтерін жариялап отырмыз.
2025 жылдың 6 айының қорытындысымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталсақ, өңдеу өнеркәсібі 17,2%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,8%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,5%, құрылыс жұмыстары көлемі 44,5%, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 6% және сауда көлемі 5,4%-ға артқандығы байқалады.
Өнеркәсіп саласы бойынша, өндіріс көлемі қолданыстағы бағамен 512,2 млрд. теңгені құрады, ал өңдеу өнеркәсібі бойынша 188,2 млрд. теңгені құрап, 2024 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 17,2%-ға өсті.
Оның ішінде: тамақ өнімдерін өндіру 16,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп 16,0%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 15,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 6,9%-ға, металлургиялық өндіріс 19,2%-ға, жиһаз өндірісі 42,1%-ға өсті.
Инвестиция 2025 жылдың қаңтар-маусымында негізгі капиталға 295,1млрд. инвестиция тартылып, 2024 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға артты. Соның ішінде: республикалық бюджет – 32,8 млрд. теңге, яғни 51,0%-ға өсті, жергілікті бюджет 54,6 млрд. теңге, яғни 74,3%-ға өсті, жеке инвестициялар 207,6 млрд. теңгені құрап 9,4%-ға өсті.
Жеке инвестициялардың меншікті қаражаты 155,6 млрд. теңге, 23,6%-ға өскен, банктердің кредиттері 27,4 млрд. теңге, 21,4%-ға кеміді, басқа да қарыз қаражаты – 24,6 млрд. теңге 15,4%-ға азайды.
Құрылыс 2025 жылдың қаңтар-маусымында құрылыс саласы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 111,9 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 44,5%-ға өсті.
Тұрғын үй Өңірімізде 6 айдың қорытындысы бойынша 1643 тұрғын ғимараттары, оның ішінде 1620 жеке тұрғын үйлер және 22 көппәтерлі тұрғын үйлер және 1 жатақхана пайдалануға берілді. Олардың жалпы ауданын 2024 жылмен салыстырғанда 6%-ға өсіп, 350 мыңнан астам шаршы метрді құрады.
Соның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы 3 есе, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2,7%-ға азайды.
Ауыл шаруашылығы: Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 31,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы 17,1%, мал шаруашылығы 0,3% көбейді.
2025 жылы облыс бойынша егіс көлемі 186,6 мың гектарға егілді. 2024 жылы 189,4 мың гектар болды. Оның ішінде дәнді дақылдар 93,9 мың гектар. Негізгі дақыл күріштің көлемі 80,9 мың гектар, майлы дақылдар 6,4 мың гектар, мал азықтық дақылдар 69,4 мың гектар, көкөніс 6,7 мың гектар, бақша 8,5 мың гектар, картоп 1,6 мың гектар.
Мал шаруашылығы 2025 жылдың 1 шілдесінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал 17,8%-ға, түйе 0,6%-ға, жылқы саны 3,5%-ға көбейгені байқалады.
2025 жылдың қаңтар-маусымында мал мен құстардың барлық түрлерінің тірідей салмақта шаруашылықта сойылуы және өткізілуі 17,4 мың тоннаны құрап, 3,6%-ға, сауылған сиыр сүті 21,5 мың тоннаны құрап, 3,0%-ға, өндірілген тауық жұмыртқасы 3 299,9 мыңды құрап 9,4%-ға көбейген.
Ішкі сауда 2025 жылдың қантар-маусымында жалпы сауда көлемі 400,6 млрд. теңгені құрап, 5,4%-ға өсті.
Көлемнің өсуі бөлшек сауда да 246,5 млрд.теңге, 4,2%-ға өсті, көтерме сауда да 153,3 млрд.теңге, 7,4%-ға, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 0,7 млрд.теңгені құрап, 4,0%-ға өсті.
Көлік және қоймалау бойынша өнімнің жалпы шығарылымы 153,0 млрд. теңгені құрап, 0,6%-ға өсті. Өсім – автомобиль және қалалық электр көлігінде жолаушылар айналымы табысының өскендігі есебінен.
Көлік түрлері бойынша жүк тасымалдау көлемі 7,7%-ға, жолаушылар тасымалдау 35,7%-ға артты.
Баға статистикасы 2025 жылдың маусым айын, 2024 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызметтерінің индексі 106,2%-ды құрады.
Азық-түлік тауарлары бағасы 7,8%-ға, азық-түлік емес тауарлары 4,7%-ға, ал ақылы қызметтер 5,6%-ға жоғарылағаны байқалады.
Халық саны: Қызылорда облысы халқының саны 2025 жылдың 1 маусымында 846,9 мың адам болды. Қала халқы 399,1 мың адам және ауыл халқы – 447,8 мың адамды құрады. Жалпы адам санының 47%-ы қала тұрғыны болса 53%-ын ауыл халқы құрайды.
Соңғы 5 жылдың ішінде халықтың саны 42,6 мың адамға өскендігі байқалады.
Көші қон: Халықтың көші-қоны әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық және сыртқы факторларға сәйкес өзгеріп тұрады. Көші қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2025 жылдың қаңтар-мамырында облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 16546 адамды, облыстан кеткендердің саны 20579 адамды құрады. 2024 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 15,8% көбейгендігі байқалады.
Халықтың табиғи қозғалысы: Бала туу көрсеткішінің үздіксіз өсуі аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсара түскендігін және халықтың жасарғанын (халықтың орташа жасы 29,8 жасты құрайды) көрсетеді. Яғни босанатын жастағы әйелдер саны көп. Бір қуанарлығы, 5-6, тіпті 7-ші перзентін дүниеге әкелген алтын құрсақты аналардың саны да кейінгі кезде өсіп отыр.
«Бекітілген халық тіркелім» базасы арқылы Статистика бюросына ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалыптастыру нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-мамырда облыста 6739 сәби дүниеге келген. Оның 3454-і ұлдар болса, 3285-і қыздар.
Жалпы біздің өңірдің туу көрсеткіші және табиғи өсімі тұрақты. Облыстар арасында 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші бойынша тұрақты төртінші орындамыз.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек облысымызда күніне орташа есеппен 50-55 сәби дүние есігін ашады. Ай сайын 1550-1600 балаға дейін дүниеге келеді.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, облыста халық санының өсіп отырғанын байқауға болады.
Еңбек және жұмыспен қамту: Қызылорда облысында 2025 жылдың I тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 354 856 теңгені құрады. Еңбек ақының ең жоғары шамасы көлік және жинақтау қызметінде 581 375 теңге, ең төменгі шамасы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметтерінің саласында 166 570 теңге болып белгіленді.
2025 жылғы I-ші тоқсанда жұмыссыздар саны 16,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,8%. Ал15-34 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық денгейі 3,4%-ды құрайды. Жастардың жалпы санынан NEET жастар үлесі – 5,7%.
Деректер халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу қорытындылары негізінде қалыптастырылады.
Кәсіпорындар статистикасы: 2025 жылғы 1 шілдеге 11617 бірлік заңды тұлғалар тіркелді. Оның ішінде 10330 бірлік субъекті жұмыс жасап тұр.
2025 жылғы 1 шілдеге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 67552 бірлікті құрады.Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 64926 бірлікті құрап, 0,7%-ға көбейді.