QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қауіпсіздік шаралары жөнінде сабақ өтті

Автор:QAA.kz

Дек 8, 2020

Қызылорда гарнизонының әскери бөлімінде жаңа оқу кезеңінің алдында жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибе сабақтары өткізілді.

Қауіпсіздік шаралары сабақтары кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормалар сақталды. Бөлімнің техникалық аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша оқу орындары құрылып, заманауи көрнекі құралдармен жабдықталды. Әр оқу орнында сабақ жетекшілері жеке құраммен теориямен қатар, тәжірибе сабақтарын өткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды дұрыс қолдану, дене дайындығы және шаруашылық жұмыстар жасау мен өртке қарсы кезіндегі қауіпсіздік шаралары таныстырылды.

Жаңа оқу кезеңінің алдында өтетін қауіпсіздік шаралары бойынша тәжірибелік сабақтардың негізгі мақсаты жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін құру болып табылады.

Сонымен қатар, қызмет көрсетудің тәртібі мен жаңа оқу кезеңіндегі техникаларды пайдалану ерекшеліктері түсіндірілді.

«Әскери қызметші әскери тіршілік кезінде немесе отбасында кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміздегі жоспарға сай өтетін қауіпсіздік шаралары жұмыстарының маңдыздылығы да осында деп ойлаймын. Себебі, адам жүргізілген сабақтар кезінде алған білімін тәжірибесінде қолданады деп білемін»,-деді әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Бахадүрбек Жұмағалиев.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жоспар бойынша жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жаңа оқу кезеңі алдында қауіпсіздік шараларына қатысты сабақтар өткізіліп тұрады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *