Осы аптаның дүйсенбісі күні Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы брифинг берді.

Бүгінде қала аумағындағы ұзындығы 36,5 шақырым болатын 49 көшеге асфальт және ұзындығы 12 шақырым болатын 39 көшеге тас жол төсеуге облыстық және қалалық бюджеттен 1 615,7 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні 49 көшеге асфальт төсеу және 39 көшеде қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды.

– Қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Астана даңғылын Н. Назарбаев даңғылынан темір жолға дейін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Қыран» ЖШС-гі, Тараз көшесін С. Бейбарыс көшесінен Б. Баймаханов көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «УАД» ЖШС-гі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, нысандар аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ маусым айындағы облыстық мәслихат шешімімен қала орталығындағы ұзындығы 17,1 шақырым болатын 12 көшеге облыстық бюджеттен 2 240,1 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер мекемелермен келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді,-деді

Қалалық бюджеттен Сәулет мөлтек ауданындағы ұзындығы 0,5 шақырым болатын Мырзабеков көшесіне жарық бағаналарын орнату үшін 7,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала аумағындағы 52 көшеге жарық бағаналарын орнату үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Энерго Мера» ЖШС-мен 2023-2024 жылдарға келісім шарт жасалды.

– Қаладағы ұзындығы 30 шақырым болатын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін облыстық бюджеттен 690,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қызылорда жолдары» ЖШС (9-көше) және «Ақнұр-Авто» ЖШС мекемелерімен келісім шарт жасалып, жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, қала аумағындағы 17 көпқабатты тұрғын үй аулаларын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 800,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Азамат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Абаттандыру жұмыстарына 2023 жылы 646,1 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, машина және механизм қызметі, брусчатканы ағымдағы жөндеу, қоршауларды жуу мен сырлау, ескерткіштерді, су бұрқақтарын, аялдамаларды, аллея мен скверлерді, Қызылорда қаласының паспорттарын, контейнер алаңдарын, бильбордтарды, ҚР Тұңғыш Президенті саябағын, қаладағы балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жатады,-деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар Жеңісбек Файзуллаев өткен жылдың қыркүйек айында «Жасыл-Қызылорда» мекемесінің құрылғанын айтып, міндеттерін атап өтті.

– «Жасыл-Қызылорда» МКК-ның мақсат-міндеттері қаланы көгалдандыру, гүлдер мен газондар егу, каналдар мен арық жүйелерін күтіп-ұстау, жасыл екпелерді суаруға арналған насостарды күтіп ұстау, талдарды күтіп ұстау, талдарды балақтау, ақтау жұмыстары, талдарды химиялық өңдеу, ұңғымаларды күтіп ұстау болып табылады,-деді Жеңісбек Файзуллаев.

Сондай-ақ осы жылы қаламыздағы абаттанатын бірнеше аулаларды айтып өтті.

– Аулаларды абаттандыру бойынша, Әйтеке би көшесi №5, Қазантаев көшесi №31, Айтбаев көшесi №29, Төле би көшесі №114, №137А, №141, №145, №136А, №138Б, Шұғыла шағын ауданы №6, Титов шағын ауданы №28, №31, Сырдария шағын ауданы №1, №2, №3, №4, №5, №6, №14А мекенжайындағы көппәтерлi тұрғын үйлердiң аулалары абаттандырылады. Әйтеке би көшесi №5, Төле би көшесі №114, №139, Торайғыров көшесі №55, Сырдария шағын ауданы №19, Титов шағын ауданы №28, №30, №31, Мүсірепов көшесі №20, Сол жағалау шағын ауданы №28 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің балалар ойын алаңдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көпқабатты тұрғын үйлерді абаттандыру (15 – ойын алаңдарын қайта жаңғырту, орнату) Абуова 3 укр.квартал 8; Айтеке би 36,38,42; Ақмешіт 2,3; Бегім ана 10,12,12А; Титов, Жаңақұрылыс 11,15,19,22; Желтоқсан 104А; Ильясов 18,31; Қоғалы 1,2,3,5; Қорқыт ата 15,17,21; Мерей 4,6; Паримбетов 2,5,29; Токмағанбетов 1,22; Толыбеков 14,45,53; Усербаев 15,17,17А,21 жұмыстары жүргізіледі. 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласын күрделі жөндеу жұмыс жобасы қаралуда,-деді Жеңісбек Файзуллаев.

Мұхаммедшах Каюп

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған