Қызылордалық аманаттықтар ізгіліктің ізетті жолын көрсетіп отыр. Олар 1 қазан қарттар күніне орай партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында түрлі іс шаралар өткізді. Мәселен, партияның Қазалы аудандық филиалына қарасты «Шипагер» бастауыш партия ұйымының мүшелері ардагерлерге бір күндерін арнады. Ақ халаттылар ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулық күтіміне байланысты медициналық көмектер көрсетіп, кеңестер берсе, Партияның қалалық филиалының «Шұғыла» бастауыш партия ұйымында Қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.
Жалпы «Шұғыла» бастауыш партия ұйымы орналасқан №1 арнаулы көмек көрсету орталығы 2012 жылдан бері жемісті жұмыс жасауда. Бүгінде қарияларға жайлы жағдай жасалып, олардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады.Мерекелік шарада сөз сөйлеген партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева көнекөз қариялардың қоғамдағы алатын орны мен, жас ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиесі, бағыт-бағдарының өте маңызды екенін атап өтті.Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге құрмет көрсету бағытындағы жұмыстар аманаттықтармен жыл бойына жүргізіліп келеді. «Қарттарым – асыл қазынам» деген ұстанымды ұстанатын «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсенділері де бүгін қала, аудан орталықтарындағы көмекке мұқтаж қарттардың үй жұмыстарына қолғабыс етті. Сондай-ақ қарттарға көмектесіп қана қоймай, үлкендердің әңгімесін тыңдап, ақыл-кеңестерін де алады. Ал зейнеткерлер өз кезегінде жас еріктілерге үлкен алғыстарын білдіріп, баталарын берді.Жалпы өңірде «Қарттар күні» мерекесіне орай партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының ұйымдастырумен 71 түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, 300- ден аса ардагерді қамтыды.