«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы Құттықожаев бастаған ұжым қызметкерлері, партияның депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының өкілдері «TazaLike» жобасы аясында «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіште» сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Алдымен қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағышталып, 30-ға жуық партия белсенділері монумент маңында тазалық, абаттандыру жұмыстарымен айналысты.Аталған сенбілік алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
#TazaLike #AMANAT