Партияның қалалық филиалының депутаттық фракция мүшесі Ысқақова Раушан БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзі сайланған округі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жалпы, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері бекітілген кестеге сәйкес БАҚ өкілдерімен кездесуді дәстүрге айналдырды.
Депутат Раушан Жәдігерқызының айтуынша тұрғындар сұранысына сәйкес Астана, СПМК, Арай мөлтек ауданында мектеп салу мәселесі бойынша депутаттық сауал көтерілген. Нәтижесінде, 900 және 600 орындық мектеп жұмыстарын салу жоспарға қойылды. Ақтау, Қызылжар көшелерінен Сыр сұлуы тұйығына дейінгі көше бөлігін жарықтандыру бойынша сметалық құжаттамаларына, сараптама қортындыларына 55,7 миллион теңге қаржы бөлінді. Хорасан ата, Мүсілімұлы көшесінен Тараз көшесіне дейінгі аралықта жаяу жүргіншілер жолын салуға сараптама мен сметалық құжаттамалар әзірлеуге 1,8 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Дегенмен, халық сұранысына сәйкес мәселелер төңірегінде шешімін таппағаны да жеткілікті. Оның ішінде Арай-Шұғыла мөлтек ауданына қарасты 9 көшеге асфальт төсеу, көше атауларын беру, интернет желісін ретке келтіру, көшелерді жарақтандыру, балалар ойын алаңын салу, Арай-3 мөлтек ауданын аяқ сумен қамту мәселелері өзекті болуда.Сонымен қатар, Сырдария мөлтек ауданындағы көппәтерлі үйлерді жаңғырту жұмыстарынан өткізу де өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелердің шешілу барысын депутат Ысқақова өз назарына алып, депутат ретінде маңызды сауалдары талқылайтынын жеткізді.