Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысты фракция жетекшісі Мақашов Талғат Бақытбекұлы жүргізді.Жиында фракция депутаттары ең негізгі үш мәселені қарады. Алдымен фракцияның жыл аяғына дейінгі жұмыс жоспары бекітілсе, содан кейін сайлау науқаны барысында азаматтардан келіп түскен өтініштермен айналысу, олардың шешу тетігін табу мәселелері қозғалды.

Фракция отырысында қалалық мәслихат депутаттары партия қатарын жаңа мүшелермен, оның ішінде жастармен толықтыру үшін түрлі бағдарламалар аясында оларды қоғамдық жұмысқа белсенді тарту мәселесін көтерді.Сонымен қатар, фракция мүшелері партиялық жобалар мен жоспарлары аясында алдағы уақытта біріге қызмет ететіндігін жеткізді.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған