Ұлттық банктің мәліметі бойынша еліміздегі екінші деңгейлі банктермен жеке банктік емес айырбас пункттері қыркүйек айында салмағы 124,66 кг болатын 3 мың 99 алтын құймасын сатқан. 2017-ші жылдан бері тұрғындар өлшеулі алтын құймаларын сатып ала алады. Содан бері барлығы 3,6 тонна болатын 104945 құйма алтын сатылыпты.
Алтын құймалар 5, 10, 20, 50, 100 граммдық бес өлшеммен құйылған. 10 граммдық құймаға сұраныс өте көп екен. Жалпы сатылымдағы үлесі 25%. Одан кейін 5 граммдық, одан кейін 20 граммдық, 100 граммдық, сосын 50 граммдық құйма сұраныста. Өңірлер арасында Алматы, Астана, Атырау қаласы тұрғындары құймаларды көп алады.