Әкім
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: – Полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-тілегіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу деген сөз. Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиімді формасын ұсынып, кері байланыстың оңтайлы жолдарын реттеу маңызды. Бастамашыл және заңға қайшы әрекеттерге бей-жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының іс жүзінде сақталуына мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Тұрғындар
• Қаламыздың Универсам Чайковский 6 үй мен КСК нің аралығында, жан-жағында күндіз-түні ішкілікке салынған адамдар қаптап кетті. Бұл бұрыннан жалғасып келе жатқан мәселе. Балаларымыз кешке мектептен қайтар уақытындағы жолда топталып арақ ішіп отырады. Осы мәселе тұрғындарды көп алаңдатады. Тұрғындар тарапынан осы мәселеге байланысты шара қолданылса деген өтінішіміз бар.
• Сабалақ ауылындағы полиция пункті мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Мәселе шешілмеді. Ол жерге полиция бекеті міндетті түрде керек.
• Темекі шегеді, подьезде. Соларға штраф салуға болады ғой. Участковыйлар қадағалап кетсе? Ол кісілер мүлдем келмейді. Хабар да беріп жатамыз.
• Оңтүстік Кореяда жұмыс істеген едім. Ол жақта адамдар көшеге затын ұмытып кетсе оған ешкім тиіспейді. Қылмыс болса бір-екі сағатта қылмыс жасаған адам ұсталады. Оған себеп бүкіл қаланың әр жеріне мыңдаған бейне камера орнатылған. Сосын полиция кешкі рейд жасайды. Кафе, ресторанда жасы 18-ге толмағандарды үйлеріне қайтарады. Түнгі 11- ден кейін жүруге рұқсат жоқ. Біздің қалада осындай бейне камера орнатылса, жастарға бақылау күшейтілсе деген ұсыныс бар. Сосын қаланы көркейту мәселесі. Ол жақта жеке фирмалар құрылыс салатын болса, біздегідей талды итеріп тастамайды. Талды дөңгелетіп қазып алып тамырымен қоса қала орталығына егеді. Сосын ауылдың өзінде әрбір канал, әрбір арық, цементтелген латоктар салынған. Сосын әр үй жаңбыр суын пайдалану үшін жолдан аққан жаңбыр суын жинайтын жол жиегіне септик қойған. Сол суды қорасына септик арқылы мөлшермен жібереді. Үлкен жолдарға да бес метр сайын септик қойған. Жиналған су лоток арқылы жол жиегіндегі тал мен гүлдерді суару үшін.
• Сол жағалау тұрғындары үшін полиция постыларын әр кварталға қойса артық болмайды. Көшеде жарық жоқ, 31 үй маңына бұрылғанда автомобиль жолы өте тар, шұрық тесік. Автобус күтетін аялдамалар керек. Қаңғып жүрген ит мәселесі қашан шешіледі? Камера қойылса 28 үй маңында жаяу жүргіншілерге жол болғанымен автокөліктер жол бермейді.
• Тағы бір мәселе: М.Мәметова атындағы жоғары педколледждің тұсына лежащии койылмаса әлі талай студенттің ажал құшуы мүмкін. Соны қолға алса.
• Ювеналды полиция жәйлі толық ақпарат болса екен. Мектеп ішіндегі жұмыстары , тәрбие, оқу уақыты біткен кездері ( кешкі сабақтар түнде бітеді) , балалар қауіпсіздігі т.б. туралы , қандай іс шаралар жоспарда бар?
• Мектеп аумағында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырсаңыз.
• Полицияның бір жұмысы әкімшілік құқық бұзушылықты тыю. Ал оның бірі біздің қалада талдарды рұқсатсыз кесу. Осы бағытта да жұмыс жасамаса қаланы келешек талсыз қалдырамыз. Әлеуметтік желіде жарияланған ОМЦ алдындағы талдарды аяусыз кесуге байланысты қалалық полиция неге үнсіз, қалыс қалды, полицияға жүктелген міндетке ол кірмейтін болса оны айтсын.
• Бұрын Арай мөлтек ауданыныңда Әбдірзақов көшесінде полиция бекеті бар еді, кейін оны алып тастады. Қайтадан қойылғаның қалаймыз.
(Әкімнің ФБ парақшасынан)