Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша (еңбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге облыс әкімінің гранттары бөлінді.
Оның ішінде Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі орта мектеп бітірушілеріне педагогикалық, техникалық, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 40 грант, жалпы медицинаға 8 грант бөлінді.
Қала бойынша үміткерлерден құжаттар қаладағы Мұратбаев көшесі № 1Д ғимаратта орналасқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 6-15 тамыз аралығында қабылдануда.
Бөлімге келіп толық ақпарат алуға болады. Байланыс телефондары: 40-07-97.