Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалында партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында қала жастары көпбалалы «Батыр ана», Алтын, Күміс алқа иелерімен кездесті. Жиында «Батыр ана» Қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, мүшелері және қаламыздағы ақжаулықты аналар отбасылық өмірдің қызықты да қиындықты сәттерінен сыр шертіп, өмірлік кеңестерімен бөлісті.- Әр баланың өз несібесі болады. Қазірде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға жеңілдіктер, көмектер қарастырылған. Осы жерде отырғанымыздың көбіміз кәсіпкерміз, бала тәрбиесін қолға ала жүре үйімізден құрақ көрпе, тәтті торттар пісіріп отырсақ, біріміз мал шаруашылығымен де айналысамыз,-дейді зейнеткер, Күміс алқа иегері Төленова Алмагүл.Өз кезегінде, жастар тарапы өздерін қызықтыратын сұрақтарын көпбалалы аналарға жолдап, сөз алмасты.