Биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданында алғашқы «Руханият орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жетістіктерге тоқталды.
– «Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқы мыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мың жылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттық таймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей бай ланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руха ниятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.
Биыл өңірімізде «Руханият жылы» жария ланып, айшықты жыл аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар ауқымды жобалар жүзеге асы рылуда. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орта лығы» салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.
Сыр мәдениетінің негізгі бренді жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. Құры лысы қарқын алған облыстық тарихи-өлкетану музейі келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.
Биылғы «Руханият жылы» аясында барлық ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңге болатын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият» орталықтары салынуда. Мақсатымыз әртүрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа біріктіру арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару, әкімшілік шығындарды азайту болды. Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда «Руханият орталықтары» жұмысын бастайды. Қалған 2 орталық келесі жылдың наурыз айында ел игілігіне беріледі.
Ең бастысы бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүріміз кеңінен насихатталып, өскелең ұрпақтың өзі туып-өскен өңір тарихы, ұлттың бай қазынасы туралы танымы қалыптасады. Барша жерлестерді «Руханият орталығының» ашылуымен тағы да құттықтаймын! Жаңа нысан еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болсын!» – деді Н.Нәлібаев.
Жиында ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен орталықты салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Облыс орталығынан балалар мен жасөспі рімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», халықаралық стандарттарға сай келетін 11 мың орындық «Орталық стадион» салынуда. Жаңа нысандар келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі. Жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді, жақын арада «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.
«Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі орталығы», «ҚазГермұнай» ком паниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқу шылар сарайы» салынып, жұмысын бастап кетті.