2022 жылдың 23 қыркүйек күні «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ақпараттық-насихаттық тобы «Бақытты отбасы» Орталығында болып ұжыммен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қозғалған зейнет реформасын талқылады. Кездесуге «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Шәріп Абдрахманов, қалалық мәслихат депутаты Анар Ізден қатысты. Кездесуде қалалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әкбарұлы ұжым қызметкерлеріне Жолдаудың маңыздылығы мен одан туындайтын міндеттер жайында пікірін білдірсе, қалалық мәслихат депутаты Анар Жарылқасынқызы Жолдаудағы зейнетақы жүйесіне жүргізілетін реформа туралы мағлұматтар берді.
Кездесудің соңы қатысушы ұжым қызметкерлерінің толғандырған мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып тұшымды жауаптар алды.