Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі «Талсуат» ауылдық холтер аппараты округінде жалғасты. 2024 жылғы ауылдық округтің бюджеті 135,3 млн.теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 138 млн 162 мыңға нақтыланды. Жалпы ауылдың 3 жылдық динамикалық бюджетіне қарасақ 2021 жылы 120,1 млн. теңге, 2022 жылы 78,7 млн. теңге, 2023 жылы 450,2 млн. теңге болды.
Осы жылы Талсуат ауылын дамыту үшін құны 213,4 млн.теңге болатын 9 жобаны іске асыру жоспарда бар. Ақтау көшесіне түнгі жарық бағаналарын орнатуға және оларды күтіп ұстауға 13 231 мың теңге, ауылдық округтің санитарлық-тазалық жұмыстарына 1 169 мың теңге. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына 4 561,0 мың теңге. Сонымен бірге ауыл көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 394 мың теңге. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Сейхун» көшесіне түңгі жарық бағаналарын орнату үшін қала бюджетінен 2 198,0 мың теңге қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
– Біраз жылдан бері көтеріп жүрген мәселеміз: ауылымыздағы бір көшеге атау беру. Талсуаттан сайланған депутаттарға дейін, әкімімізге дейін мәселемізді жақсы біледі.
– Көшеге атау берудің өзіндік тәртібі бар. Алдымен көшеге атау беру тұрғылықты халықтың, немесе өзге де тұлғалардан әкімдікке келіп түскен өтініштердің негізінде қаралады. 300 тарихи тұлғалардың тізімі бар. Қаланың деңгейіндегі, облыстық деңгейде, республикалық деңгейде шешілетін мәселелер бар. Бастысы талаптарын сақтау керек.
– Мен №5 емханаға қараймын. Өзімнің жүрегім ауырады. Арнайы өзінің жүрек тексеретін холтер деген аппараты болады. Қаракөл, Қараөзек, Айнакөл, Талсуат, Комсомол, Гагарин, Шанхай міне осы 7 округке бір ғана холтер аппараты. Кезегіміз 3, немесе 4 айда келеді. Осыны қалай ретке келтіреміз?
– 2018 жылы екі холтер мен тағы екі аппарат сатып алынды. Оның екеуінің мерзімі бітті. Қазіргі таңда келісімшартқа отырдық. 1-1,5 айда аппарат келеді,-деп жауап берді №5 емхананың бас дәрігері.
Кездесу соңында ауыл ақсақалдары қала әкімінің жұмысына толайым сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, қала әкімі барлық ауыл-аймақ, елді мекен, тұрғындарымен кездесуін аяқтағаннан кейін, бұқараның басты мәселелері барысында жергілікті атқарушы органдардың, әлеуетті құрылымдардың, прокуратура, полиция басшылық құрылымымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен жеке қабылдау өткізеді.
Мұхаммедшах Каюп