Сыр өңірінің мәдениет және өнер саласында көптеген жаңалық бар. Биыл мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған «Тұран» арнайы сыйлығы екінші мәрте табысталуда. Жыл сайын білімге құштар жастарға облыс әкімінің 100 гранты берілетіні белгілі. Аталған гранттан бөлек, биыл қабілетті талапкерлерге Қорқыт ата университетінің «Дәстүрлі өнер» мамандығына оқу үшін қосымша 10 оқу гранты бөлінеді.
Сыр өңірінің жазба мәдениетін насихаттайтын «Алаш әдебиеті» музейін ұйымдастыру қолға алынып, жазба жәді герлерін реставрациялауға арналған архив лабораториясы іске қосылады.
«Руханият жылы» шеңберінде облыстағы 171 мәдениет үйі мен клуб «Адал адам» тұжырымдамасы аясында қайта жаңғыртылуда. Сыр мәдениетінің негізгі бренді, жыраулық дәстүр өкілдерінің ордасы «Жыраулар үйі» ашылды.
Биыл дала ділмары, өз заманының қабырғалы қайраткері атанған Әйтеке бидің 380 жылдығы. Осыған орай тұңғыш республикалық командалық айтыс Сыр өңірінде өткізілді.
Руханият жылы аясында атқарылатын жұмыстар көп-ақ. Сырдария өзенінің сол жағалауынан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынады. Жас ұрпақтың шығармашылығын шыңдау мақсатында «Шығармашылық академиясы», екі ауданда «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» бой көтеруде.
Мәдени мұраның, ұлттық өнердің кемелденуіне шәкірт дайындап үлес қосып келе жатқан Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараты да еңсесін тіктеп келеді. Жеті ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарының іргетасы қаланды.
Мемлекет басшысы түркі дүниесінің темірқазығы Түркістанда өткен құрылтайда заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру туралы айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес 1 маусымнан бастап Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшеді.
Мемлекет басшысы түркі дүниесінің темірқазығы Түркістанда өткен құрылтайда заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру туралы айтқан болатын. Президент тапсырмасына сәйкес 1 маусымнан бастап Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшеді.
Былтыр елордада Астана қаласының 25 жылдығына орай «Сұлу Сырдан – ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер күндері жоғары деңгейде өтті. Халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне ие болған мұндай іс-шара биыл Алматы қаласында ұйымдастырылады.
Облыстың мәдениет ұйымдарының мамандары Италия, Беларусь елдерінде біліктілігін арттырды. Еуропадағы белгілі концерттік залдардың озық тәжірибесін жұмыс барысына енгізді
Биыл зиялы тұлғалардың мерей-тойы халықаралық деңгейде атап өтіледі. Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай Қырғызстан, Өзбекстан және елімізге белгілі суретшілердің қатысуымен өткен халықаралық сим позиум қорытындыланды. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай дастан орындаушылардың республикалық фестивалі жоспарланды. Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы аясында «Соңғы парыз» романы «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен түрік тіліне аударылуда. Жыл көлемінде халықаралық конференция, еске алу шаралары өтеді.