Қызылордадағы Өнер орталығында өткен Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салта­натты шарада баяндама жасаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың білім саласында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сөз басында ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

Биыл облысымыздың бюджеті 850 млрд. теңгеден асты. Оның 346 млрд. 800 млн. теңгесі құрылыс жұмыстарын қоса есептегенде білім саласына бағытталды. Бұл облыс бюджетінің 40 пайызын құрайды. 2022-2024 жылдары өңірімізде сапалы білім беруді қамта­масыз ету мақсатында бюджеттен 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.

Мемлекет басшысының бастама­сымен қолға алынған «Келешек мек­теп­тері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 10 мектептің құры­лысы жүргізіліп, пайдалануға бері­луде. 2023 жылдан бастап облыстық бюджеттің есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 2 900 орындық қосымша ғима­раттар салынды. Нәтижесінде өңірі­мізде үш ауысымдық мектептер мәсе­лесі түбегейлі шешімін тапты.

«Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд. 400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы «Білім-инно­вация» лицей-интернаты бой көтеріп, ел игілігіне табысталды.

Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы Мергенсай елдімекенінен заманауи 150 орындық мектептің құрылысы жүруде. Білім ордасы алдағы қараша айында пай­далануға беріледі. Демеушілер есебінен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына 500 млн. теңге болатын жаңадан білім ордасы салынып, салтанатты түрде ашылды. Алдағы үш жылда өңіріміздегі 51 мектеп күрделі жөндеуден (реновациядан) өтеді деген жоба бар. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті. Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылдан бері 2 млрд. 600 млн. теңге бөлінді. Осылайша апатты жағдайдағы 7 мектептің мәселесі толық шешімін тапты.

Мұғалімдер күні қарсаңында Өнер орталығында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілік арқалаған мәртебелі мамандық иелерін, Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алған ұстаздарды құттықтады.

– «Күні кеше мерекеге орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бір топ ұстаздарды Ақорда төрінде қабылдап, мемле­кет­тік наградалар табыс­тады. Салтанатты қабыл­дауда жерлестеріміз, Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы «Парасат» орденімен наградталды. Ардагер ұстаз Серекеева Күміскүл Дүйсенқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрмет­ті атағы берілді. Марапат иелерін барша Сыр жұрт­шы­лығының атынан шын жүректен құттық­таймын!», – деді аймақ басшысы.

Қайтарылған активтер есебінен 8 млрд. 200 млн. теңгеге 5 мектептің құрылысы қаржыландырылатын болады. Білім беру ұйымдарының мате­риалдық-техникалық базасы жаңғыртылуда. 2022-2024 жылдары 2 млрд. 700 млн. теңгеге 317 пәндік кабинеттер жаңартылып, білім сапасын көтеруге мол мүмкіндіктер беруде.

«Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры өңіріміздегі білім беру саласына 2 млрд. 600 млн. теңге бөлді.

Қордың «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2 млрд. теңгеге 8 мектептің пәндік кабинеттері қайта жабдықталды. Екі жарым мыңнан астам ауыл балалары жазғы лагерьлерде демалды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы 96 млн. теңгеге жаңғыртылды.

2 млрд. теңгеге аймағымыздың 50 ауылдық мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіліп, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады.

8 шағын жинақты мектептердің материалдық базасы нығайтылады.

Қордың қолдауымен жаңадан жабдықталатын мектептердегі 1745 педагог облыстық бюджет есебінен арнайы оқытудан өтеді.

​– «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы«Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді», – деген болатын.

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде Президентіміздің,Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биыл облысымыздың бюджеті 850 млрд. теңгеден асты, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 346 млрд. 800 млн. теңгесі білім саласына бағытталды. Бұл облыс бюджетінің 40 пайызын құрайды. 2022-2024 жылдары өңірімізде сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді.

Ұлттық тәрбие мен заманауи білімді бір-бірімен ұштастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу – Сіздерге жүктелген абыройлы міндет! Ардақты ұстаздар, ел мұраты мен ұрпақ тәрбиесіне адал болайық. Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та жарасады. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Өздеріңізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы өз құттықтауында.

Әкім баяндамасында белгілі болғанындай жас ұрпаққа қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында құны 11 млрд. теңге болатын балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарында Оқу­шылар үйі мен Өнер мектептері салы­нып, зияткер жас ұрпақты қалып­тастыруға қызмет етуде.

Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы ашылды.

Қазіргі таңда қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағында 10 млрд. теңгеге жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде. Бұл жерде балалар Дария жағалауында серуендеп, таза ауамен тыныстап демалады. Бойына күш-қуат жинап, көңіл сергітіп, білімін шыңдайтын ерекше орын болады. Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының (қысқы бақ) ғимараты салынуда. Ғимараттың ауданы 3 420 шаршы метрді құрайды.

Ботаникалық бақта жас жеткіншек­тердің ой-өрісін кеңейтіп, өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсінуіне мүм­кіндік береді. Жасыл екпелерді өсірудің ерекшеліктерін тәжірибелік түрде үйреніп, табиғатты аялауға баулиды.

Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарға дайындау өте маңызды міндет. Биылғы «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Қызылорда қаласында кәсіп­тік білім беру және жұмысшы маман­дықтарының «Құзіреттілік орталығы» ғимаратының құрылысы басталды. Орталық заманауи технологиялармен жабдықталып, еңбек нарығына қажетті, білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Жоба құны 5 млрд. 200 млн. теңгені құрайды.

4 млрд. 800 млн. теңгеге жаңадан Музыкалық колледждің оқу ғимаратын жатақханасымен бірге салып, ел игілігіне табысталды.

Кейінгі жылдары білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, 317 пәндік кабинет жаңартылып, білім сапасын көтеруге мүмкіндік туындады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өңірдің білім беру саласына 2 млрд. 600 млн. теңге бөлді. «Ауылдық аймақ­тардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасымен 2 млрд. теңгеге 8 мектептің пәндік кабинеттері қайта жабдықталды.
Екі жарым мыңнан астам ауыл балалары жазғы лагерьлерде демалды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды. Аймақтағы 50 ауыл мектебіне «Білім-Инно­вация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіліп, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады. Сонымен қатар 8 шағын жинақты мектептің материалдық базасы нығайтылады. Жаңадан жабдықталатын мектептердегі 1745 педагог облыс­тық бюджет есебінен арнайы оқытудан өтеді.

Сөз соңында аймақ басшысы Н.Нәлібаев:

– Ұстаз бен шәкіртке барынша жағдай жасау – біздің азаматтық боры­шымыз!

Ұстаздық – кез келген кәсіптен биік, ұлы мамандық.

Ұстаз – адам бойындағы асыл қасиеттерді оятып, ұрпақ санасына білім мен парасаттылықты сіңіретін, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөздері бүгінгі күні өзекті. Ұлттық тәрбие мен заманауи білімді бір-бірімен ұштастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу – Сіздерге жүктелген абыройлы міндет!

Ардақты ұстаздар, ел мұраты мен ұрпақ тәрбиесіне адал болайық.

Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та жарасады, – деп, мұғалімдер мерейін бір асырды.

Салтанатты шарада ұстаздарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары, «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет дипломы, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы6 облыс әкімінің Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен шипажайларға жолдамалар табысталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған