Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде медиатор маманының жүргізуімен жеке құрам қызметкерлері психологиялық тренингке қатысып бой сергітті.
Мекеменің кадр жұмыс тобының ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлерінің қызметтік барыстан тыс ой сергіту мақсатында арнайы «Бітім» медиация орталығының» директоры, «Анаға тағзым орталығының» психолог-медиаторы – Жанна Мирамбекқызын шақыртып, тренинг ұйымдастырды.
Бұл тренингтің басты мақсаты- психологиялық әсер ету арқылы адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру одан әрі жақсарту болып табылады. Тренинг барысында әрбір қызметкердің өзге ұжымдастары арасындағы қарым-қатынастары талқыланып, әр қызметкер ортаға өз ойларын жеткізді.
Әрбір адамның өмірі өлшеулі. Осы өлшеулі өмірде жұмыстан бас алмай, жұмыс барысында түрлі жағдайда ұжыммен қарым-қатынасты нығайтуға қосып жатқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін. Осы тренинг барысында ұжымдастарымның жұмыстан тыс уақыттағы қызығушылықтары қандай екендігін біліп жатырмыз. Қызмет барысына күйзеліске түсіп жүргендеріміз айтылған жұмбақтар жасырып, бір-бірімізбен диалог арқылы сөйлесіп, сергіп қалдық. Әріптестеріміз бен ойнап-күлгеніміздің өзі бір естелік деді,- кадр жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи.
Сондай-ақ, қызметкерлер арасында психологиялық тұрғыдан қолдау, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту және мекеме қызметкерлерінің қандай жағдай болмасын, ортақ мақсатқа бірігуге дағдылану, сенімділігін қалыптастыру, стресті ахуалдар мен кикілжіңді жағдайларда салмақтылықты сақтай білу, сонымен қатар, әріптестер арасында коммуникативті дағдыларды қалыптастыру әдістері үйретілді.