Бұған дейін заңсыз салынған құрылыс нысандары мен мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзу деректерін анықтау мақсатында жұмыс тобы құрылған болатын. Осы топтың атқарған істері нәтижесінде Саяхат тұрғын ауданындағы қаланың сәулеттік келбетін бұзып тұрған заңсыз нысан бұзылды.
Айта кету керек, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесіп, құрылыс қалдықтарын тастау, қалада заңсыз иеленген, жерді нысаналы мақсатына сай емес пайдаланып отырған және заңсыз жарнамалар орналастырған тұлғаларға хаттама толтырып, айыппұл салуда.
Қаланың сәулеттік келбетін тәртіпке келтіру және жер учаскелерін мақсатты пайдалануға байланысты жұмыстар күнделікті жүргізілуде.