«Pro bono» қоғамдық қоры тарапынан «Жазасын өтеп босатылғандарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметке қайта бейімдеу және оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру» аясындағы жоспарлы жұмыстар осы жылдың қыркүйек және қазан айларында да назардан тыс қалмады. Мәселен, қыркүйек айында ҚР ІІМ Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №37 мекемесінде және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде кездесулер өткізілді. Босатылған адамдарды әлеуметтендіру, олардың құқықтарын қорғау және жүзеге асыру», «Көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру», «Жетістікке жету жолдары», «Дағдарыстан шығу жолдары» тақырыптары талқыға түсті. Сондай-ақ, қазан айында Қызылорда қаласы Пробация қызметінің ғимаратында «Өз жағдайыммен танысамын: мен осында және қазір», «Дағдарыстан шығу жолдары» тақырыптары бойынша да кездесудер ұйымдастырылып, пікір алмасуға негіз болған шаралар өтті.
Әдеттегідей кездесулер барысында қатысушылар үшін психологиялық-құқықтық кеңестер беріліп, олар толғандырған сауалдарына орай жауап ала алды. Мәселен, қыркүйек айында барлығы 10 кеңес берілсе, оның ішінде 9-ы психологиялық және 1 заңгерлік болды. Сондай-ақ, қазан айындағы өткізілген шаралар барысында17 кеңес беріліп, оның 9-ы психологиялық, 8-і заңды болды. Айта кету керек, мереке күндеріне орай футбол, дойбы және шахмат турнирлері сияқты спорттық шаралар да өткізілді. Жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы сыйлықар да үлестірілді.
П.Горбачев
«Pro bono» қоғамдық қорының директоры