Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі білім бөлімімен бірлесіп мектеп оқушыларын, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және деструктивті діни ағым ықпалындағы балаларды спортқа тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Өткен жыл бойына эстафеталық жарыс­тар, ұлттық ойындар және бұқаралық спорт­­тық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрақты түрде ұйымдастырылды. Әлеу­меттік қолдау аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына, қала жастарына, спортқа қолжетімділігі шектеулі топтарға 24 000 бір реттік жолдама берілді.

Жүзуді үйрену үшін «Евразия» спорт кешеніне, коньки тебуді үйрену үшін «Мұз айдынына», сондай-ақ «Тарлан» спорт кешеніне, Белкөл және өзге де инфрақұрылымдарға жолдамалар берілді. Осы мақсатқа 25,1 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды.

2025 жылы 230 спорттық іс-шара өткізіліпті. Оның ішінде республикалық және облыстық  20 іс-шара өтсе, оған 4000 адам қатысқан. Сондай-ақ 2 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, 48 спортшы қамтылды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен бірлесіп 18 спорттық іс-шара өтіп, оған 2400-ден астам адам қамтылды.

Қала және оған қарасты елді мекендерде 824 спорт нысаны бар, оның ішінде 4 стадион, 14 спорт кешені, 9 бассейн, 269 спорт зал, 508 ашық алаң, 1 ипподром, 1 есу базасы, 1 жеңіл атлетикалық және 1 футбол манежі жастарды спортқа баулып келеді.

Мәселен Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында спорттың 13 түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Онда қазақ күресі, дзюдо, бокс, таэквондо, грэпплинг, футбол, тоғызқұмалақ және тағы басқа үйірмелерге 1400 адам қамтылған.

Жыл басынан бері еліміз чемпионаттарынан 147 жүлде алында. Азия және халықаралық жарыстардан да бірнеше жүлделер бар. 2023 жылдан бері жалпы 166 медаль иеленіппіз.

Өткен жылы «Наурызнама – 2025» ұлттық ойындары, республикалық веложарыс, «Qyzylorda-OPEN» шахмат турнирі, «Бала Барыс – 2025» жасөспірімдер додасы, 3×3 баскетбол республикалық турнирі, «Чемпионмен бірге жүгір» марафоны, республика күніне арналған ұлттық спорт жарыстары өтіп, көпшілік қызығушылығын туғызды.

2026 жылы 235 спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Бұқаралық спортты дамытуға 196,3 млн. теңге бөлініп отыр. Қажымұқанды еске алу республикалық турнирі,  «Бәрің де жарысқа» мектеп жарыстары, республикалық веложарыс, Qyzylorda-OPEN» шахмат турнирі, Ұлттық ойындар біріншіліктері, қалалық велошеру және бұқаралық марафондар өткізу жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстар халықты спортпен қамту ауқымын кеңейтті. Әлеуметтік топтарға спорттың қолжетімділігін арттырды. Қалада тұрақты спорттық экожүйе қалыптастырды. Туризм мен демалыс инфрақұрылымының дамуына серпін берді. 2026 жылы негізгі басымдық — жаппай спорт мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың кемінде жартысын жүйелі дене белсенділігіне тарту болып отыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған