Біздің ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан қызметкерлеріміз отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді. Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында, жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдік тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де, аса ерекше мән береміз. Жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз. Қызметкерлеріміздің жанұя жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс жасауына мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды. Соның бірі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпусшысы әділет аға сержанты Сәбит Асқаров пен әділет аға лейтенанты Нұркен Жансая.
Бүгінде бұл отбасы бір қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған жанұя. Бір қызметте бас қосып, отау құрған бұл жұптың татулығы мен ынтымағы берік жандар. Келесі кезекте, әділет лейтенанты Дулат Нұрыллаев пен жолдасы режим бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Әбдамит Гүлзада екеуі 2017 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызметте де өмірде де бірге қол ұстасып келе жатқан бұл жұп қазіргі таңда екі ұлдың ата-анасы және бақытты отбасы. Келесі отбасылық жұп 68 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Саруаров Ануар мен әділет аға сержанты Нағашыбай Нұрсұлу. Бұл жұптың ерекшелігі екеуінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары арқылы көзге түскен.
Қызметте сыйлы және абыройлы бұл отбасы жақында ғана шаңырақ көтерген. Жақын арада қош иісті сәбидің ата анасы атанбақ.