Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов, аудан прокуроры М.Маханбетжанов және аудандық полиция бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қ.Әліп, отбасын қолдау орталығының басшысы Н.Балтабай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шара барысында Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов ынтымақтастық туралы меморандумның маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылып, әрбір органмен құзіреті шегінде атқарылуы тиіс жұмыстар пысықталды.
Шара соңында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу кезінде психологиялық көмек көрсету шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.
Қармақшы аудандық соты