«Сыр елі – Жыр елі» атанған қасиетті Сыр өңірінде 172 мәдениет үйі мен клуб халыққа қызмет көрсетеді.
Мәдениет ошақтарында Мемлекет басшысының «Адал азамат» Тұжырымдамасы аясында 2024 жылдан бастап 7 бағыт бойынша «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы жүзеге асырылуда. Арт уақыт, Кино-тайм, Сұқбат Time, Креативті хаб, Жанұя шуағы, Еріктілер тобы, Әлем-Book бағыттарында ұйымдастырылған мәдени шаралар саны 2,5 есе, көрермен саны 45%-ға артты.
Мәдениет үйлері мен клубтар жанынан жаңадан 139 шығармашылық үйірме ашылып, 1 мыңнан аса үйірмеге 15 мыңға жуық өнерпаз қамтылуда.
Шығармашылық тапсырыс бойынша сапасыз қызмет көрсеткені үшін жабылған кәсіпкерлік ұйымдардан босаған балалар мен жасөспірімдер де мәдениет ошақтары жанындағы үйірмелерге тартылды.
Үйірмелер – баланың дарынын ашып, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын тамаша орта. Оларда домбыра, би, вокал, театр, сурет, қолөнер, мобилография және басқа да бағыттар қамтылған.
Қызылордалық талапкер жас өрендер үшін қаладағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің сабақ кестесін жариялап отырмыз.
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің сабақ кестесі
Р/с | Үйірме | Жетекшісі | Күні, уақыты |
1 | “Сыр сандуғаштары” ән үйірмесі | Бағдагүл Есмурзаева 87058638070 | Ср-Сн 10:00-12:00 14:00-16:00 |
2 | “Қауырсын” жас ақындар үйірмесі | Мамыр Байдаулетов 87083768485 | Апта ағымында 10:00-12:00 15:00-17:00 |
3 | “Сөз маржан” көркемсөз оқу шеберлігінің үйірмесі | Нұрсұлтан Сабыр 87471381301 | Сс-Бс 10:00-12:00 15:00-16:00 |
4 | Қылқалам” суретшілер үйірмесі | Ерғали Абишев 87772635827 | Дс-Ср-Жм 8:00-10:00 16:00-18:00 |
5 | “Орда Драйв” заманауи би үйірмесі | Тұржан Сұлтанбек 87477403899 | Дс-Ср-Жм 16:00-18:00 |
6 | “Ақмарал” би үйірмесі | Ақмарал Қойшығұлова 87059600607 | Дс-Ср-Жм 8:30-10:00 16:00-18:00 |
7 | “Орда” спортты би үйірмесі | Анатолий Цой 87754695555 | Сс-Бс-Сн 16:00-18:00 |
8 | “Сырлы саз” халықтық фольклорлық ансамблі | Руслан Бурабай 87474800165 | Сс-Бс 11:00-12:00 15:00-16:00 |
9 | “Насихат” дәстүрлі жыр-терме үйірмесі | Жәнібек Жақсан 87768780068 | Сс-Бс-Жм 9:00-11:00 15:00-16:30 |
10 | “Күй керуен” домбыра үйірмесі | Қалибек Ләззат 87758908225 | Сс-Бс 11:00-12:00 15:00-16:00 |
11 | “Ұлағат” әжелер ансамблі | Салтанат Қаймашева 87054484494 | Дс-Ср-Жм 10:00-12:00 |
12 | “Belcanto” ән үйірмесі | Асылбекова Далида 87476562774 | Апта ағымында 10:00-12:00 15:00-17:00 |
13 | “Бірлік” мәдени-үгіт бригадасы | Рауан Райымбек 87052157662 | Апта ағымында 11:00-12:00 15:00-16:00 |
14 | “Сиқырлы айна” балалар қуыршақ театры | Ғалымжан Шәріпхан 87076748079 | Апта ағымында 10:00-11:00 16:00-17:00 |
15 | “Мереке – думан” әзіл сықақ отауы | Дулат Сағат 87715116313 | Дс-Ср-Жм 15:30-17:00 |
16 | “Асыл мұра” қолөнер үйірмесі | Інжу Айтпенбетова 87022460788 | Сс-Бс-Жм 09:00-13:00 15:00-18:00 |
17 | “Мереке” вокалды аспапты ансамблі | Сәбит Ұлықпан 87772026676 | Дс-Ср-Жм 15:30-17:00 |
18 | “Арайлым” би үйірмесі | Ақмарал Қойшығұлова 87059600607 | Дс-Ср-Жм 8:30-10:00 16:00-18:00 |