Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші екі азамат некеге тұрды.
Сотталған мен некеге тұрушы әйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен АХАЖ бөлімінің маманы Гульсара Қожаниязова арнайы шақыртылады.
Әдетте некеге тұрушыларға тек АХАЖ бөлімінің заңды түрде неке қию куәлігі берілетін. Ал, бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде біршама құжаттарды жинап, мекеме заңгері арқылы АХАЖ бөліміне өтініштер жолданып, қарастырылған өтініш негізінде 15 күн аралықта неке қию маманы арқылы ерлі-зайыпты атана алады. Осы негізде тергеу мекемесінде ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 тармағы 1 бөлігі мен және ҚР ҚК-ніің 190 бабы 3 тармағы 4 бөлігімен жазасын өтеуші екі азамат өз некелерін қиды.
Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әр жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқысы бар.