29.05. 2024. Сағат 10-нан 54 минут өткенде Қызылорда қаласы, Тұрлығұлов көшесі №20 тұрғын үйдің ауласында ағаш сарай толығымен жанды. Өрт салдарынан 6 тауық өртенді. Өрт ошағынан 1 дана 50 л. газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11-ден 23 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды: ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының филиалы, полиция бөлімі, қалалық электр тораптарын тарату (23 қызметкер және 6 бірлік техника).