▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Е» жеке кәсіпкері жауапкер мемлекеттік мекемесінен қарыз сомасы 4 460 000 теңге өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

▪️Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

▪️Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 89 200 теңге талапкерге қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған