Қызылорда қаласы құрылыс қарқыны бойынша еліміздегі өңірлер арасында көш бастап келеді. Бүгінде әр атаулы мереке қарсаңында көптеген қызылордалықтар баспаналы болып, қоныс тойын тойлап жатады.
Құрылыс алаңына айналған Қызылорда жыл сайын кезекке тұрғандар саны азайып келеді. Бүгінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары қатарында 9839 тұрғын тіркелген.
Тұрғын үйі апаттық деп танылған азаматтар саны 649. Жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобы тізімінде 1490 бала тіркелген.
“Ана даңқы”, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тобында 5171 адам кезекте тұр.
Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын тұлғалар тізімінде 9097 адам кезегін күтіп отыр.
Ал, Ұлы Отан соғысы ардагері ретінде тізімде бір ғана ардагер бар.
Осы сілтеме бойынша толық тізімді көре аласыз.