Қала әкімдігі мен қалалық прокуратура ұйымдастыруымен құрылған мобильді топтың түнгі рейдтік іс-шаралары жалғасуда.
Мобильді топ құрамында БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, қалалық прокуратура, қалалық қоғамдық даму, білім, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері, ювеналды полиция қызметкерлері мен жастар орталығы мамандары бар.
Жедел топ аралау кезінде қала аумағындағы ойын сауық орындарын, саябақтар, ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтарды назарға алынды. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне жаднымалар беріліп, жауапкершілік туралы түсіндірілген хабарламалар таратылды.
Рейд барысында 61 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін
52 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді және 7 жасөспірім бейімдеу орталығына жатқызылды, ата-ананың мiндеттерін орындамаған үшін 1 жасөспірімнің ата-анасына қатысты (ӘҚБтК-нің 127) әкімшілік шаралары көрілді.
Сонымен қатар, 2 ойын сауық мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) шара көрілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау.