Ауыл шаруашылығы саласы Сыр өңірінің экономикалық әлеуетін көтеретін негізгі сала болып отыр.
Өздеріңізге белгілі, Сыр өңірінің экономикалық-экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты.
Соңғы жылдары Сырдария өзенінде орын алған су тапшылығы әсері диқаншы қауымға қиындық соқтырды.
Дегенмен, мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мемлекеттермен дер кезінде келіссөздер жүргізіліп, нақты қолдаулар жасалды. Нәтижесінде шаруалардың еккен егісі сумен толық қамтамасыз етілді.
Жүйеленген жұмыстың арқасында Сыр диқандары былтыр жарты миллион тоннаға жуық күріш салысы қамбаға құйылды.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласына ерекше басымдылық беріліп, аталмыш саланың серпінді дамуына арнайы кешенді шаралар айқындалды.
Бұл бағытта аймақта суды көп қажет ететін дақылдар көлемі оңтайландырылып, су үнемдеу технологиялары енгізілді.
Өткен жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге артық.
Соңғы 10 шақты жылдың көлемінде ірі шаруашылықтар күріш егістіктерін лазерлік тегістеуден өткізіп келген, соңғы 2 жылда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жаппай лазерлік тегістеуге көшіп жатыр. Соның нәтижесінде суды үнемдей отырып, өнімділікті арттыруға қол жеткізді.
Одан бөлек, саланы кешенді қолдау арқасында шаруашылық құрылымдары егіске қажетті минералды тыңайтқыштар, сапалы тұқымдар және арзандатылған дизель отынымен толық қамтамасыз етілді.
Бұл атқарылған шаралар өз кезегінде аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы саласының дамуына септігін тигізеді.