Қызылорда қаласы Т. Әубәкіров көшесі N104 мекенжайда орналасқан “Сыр самалы” ЖШС ауласындағы ауданы 10х8 шаршы метр болатын үйінді ағаш қалдықтары жанды.
Жану оқиғасы сағат 19-дан 25 минут өткенде толық сөндірілді. Оқиға орнында жануды сөндіру жұмысына 3 өрт сөндіру автокөлігімен 10 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде оның әрі қарай жайылуына тосқауыл жасалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.