Суға шомылу маусымы кезінде су айдындарында төтенше жағдайды болдырмау мақсатында «СУҒА ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!» ескертпе тақтайшалары орнатылды.
Жалпы суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
– Ең алдымен рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз;
-Еш уақытта қараңғы уақытта, сондай-ақ, масайған күйінде шомылмаңыз;
-Қоршау белгілерінен алыстап кетпеңіз;
-Балаларға көңіл бөліңіз, үлкендердің қарауынсыз жеке қалдырмаңыз, шомыла білмейтін балаларды суға мүлдем жақындатпаңыз.