Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде 9- мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесі қарсаңында АКАӘПТЖББ-ның Жасақ бастығы Әлмахан Рамазанның ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты ҚР llМ 13.08.2014 жылгы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту туралы» № 508-бұйрығына сайкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдык-этикалык түсінікті арттыру, және сотталғандардың салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Осылайша, 2024 жылдың мамыр айында Ұлы жеңіс күні мейрамына байланысты мекемеде жазаларын өтеп жаткан сотталғандардың арасында спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, қолкүрес, волейбол, шахмат ойындары ұйымдастырылды. Аталған іс-шара сотталғандарға оң әсер тигiзгенi анық болды. Ұлы Отан соғысы мерекесіне байланысты спорттық, мәдени iс-шаралар өз денгейiнде өткізілді. Аталған іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандар мекеме бастығының құқығымен «Алғыс» жариялану сұрағы қарастырылуда. Шараның соңы жазасын өтеуші азаматтар домбыра және гитара мен әуезді әндер орындап, шараның көңілді аяқталуына өз септіктерін тигізді.