«Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» КММ-нің «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының  «Сыр елінің сот билігі» қор коллекциясының жеке тектік қор иесі «Үш би» Құрмет белгісінің иегері, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері, Сот жүйесінің ардагері Шыңғысова Ғалия Шакетқызы 75 жасқа толды.

Қызылорда облыстық сотында еңбек еткен, республика бойынша сот билігінің дамуына үлес қосқан айтулы бүкіл саналы ғұмырын сот әділдігін қорғаған, судьялық біліктілігімен ел алдындағы адал міндетін атқарған нәзік жанды заңгерлер қатары аз емес.

Судья болу оңай жұмыс екені анық. Сонда да отбасымен қатар, ел алдында адалдықпен төрешілік айту, халықтың уәжін заңмен ұштастырып, билік пен қоғам алдындағы тепе-теңдікті заң жүзінде таразылай білу де үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті шын жүрегімен сезіне білген қазақтың қайсар қыздарының еңбегі ұшан теңіз.

Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзі қор иесінің өмірлік ұстанымына айналғандай. Шыңғысова Ғалия саналы ғұмырын сот саласына арнап, әділдіктің ақ туын жықпай, ақиқат пен адалдықтың арқасында тура жолдан таймай облысымыздың сот билігіне етене араласты.

«Үш би» Құрмет белгісінің иегері, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері, Сот жүйесінің ардагері Шыңғысова Ғалия Шакетқызы 1949 жылы 09 маусымда Қызылорда қаласында туылған.1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Ең алғаш қызмет жолын қырүйек айында 1967 жылы Қызылорда облысы бойынша П/Я УЛ 154/10 УООП мекемесінің инспекторы, аға инспекторы болып бастаған. 1971 жылы ҚазССР Әділет Министрлігінде іс жүргізуші, инспектор, консультант қызметін, 1977-1979 жылдары ҚазССР Әділет Министрлігінде аға редактор, 1979-1993 жылдары Қызылорда облыстық сотының мүшесі, 1993-1996 жылдары Қызылорда облыстық соты төрағасының орынбасары, 1996-2002 жылдары облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, 2002-2007 жылдары облыстық сотының судьясы. 2007 жылдан бастап отставкаға шыққан.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен Құрмет грамотасымен марапатталған.

2012 жылы Қызылорда облыстық сотының жанындағы қоғамдық кеңес құрамына мүшелікке енгізіліп, соттардың қызметін одан әрі жандандыруға үлес қосты.

Сот жүйесіндегі қызметі бағаланып, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің, Мысыр елінің Әділет Министрінің қолынан күміс медальмен, «Сот жүйесінің Құрметті қызметкері», «Үш би» Құрмет  белгілерімен  марапатталды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының Алғыс хатына ие болды.

Қор иесін мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа таныстыра келе,турашылдық пен қызметке деген адалдықты насихаттау мақсатымыз.

Алаш қайраткері Ә.Бөкейханов «Заң адам пайдасына жазылады, адам- заң үшін туылмайды, әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, бостандыққа апаратын жалғыз жол- ұлттық ынтымақ қана» деп, -көрегендікпен нақыл сөз қалдырып, «Би түзу, билік – әділ болсын!» деп келешек ұрпаққа аманаттап өткендей.  

Ғ.Шыңғысова сынды судьялық қызметтің салмақты маңызын түсінген жандар өскелең ұрпақтың болашағын, мемлекеттің мығым болуы үшін аянбай еңбек етуге шақырды. 

Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу тәлім- тәрбиенің алтын діңгегі, қайнар бастауы. Архив құжаттарынан сыр шертіп, ел игілігіне жарар тәрбиелік маңызы зор мәліметтерді баспасөз бетіне жариялау бүгінгі күннің талабы.

Маусымның алғашқы аптасында келіп жеткен Ғалия Шакетқызын 75 жас мерейтойымен архив ұжымы  құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, бақыт және де әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын деп тілейміз!

Қалтаева Дана Алмабекқызы

      «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві»

КММ-нің  «Қоғамдық-саяси тарихы архиві» филиалының I санатты архивисі 

                                                                

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған