Шежіре бүгінгі және келешек ұрпаққа қалған асыл мұра. Шежіре деген не? Шежіре сөзі араб тілінен аударғанда бұтақ, тармақ деген мағына береді. Шежіре адамдардың шығу тегін, ру-тайпасын анықтайтын құнды құрал десекте болады. Қазақта жеті атаға дейін қыз алысып, құда болмайды. Оның себебі: жетінші атаға дейін қандары бір болады. Егер де, шежіреден аттап, жеті атаға жетпей екі жақ бір-бірімен құда болса, шаңырақ көтерген екі жастың перзенттері не ауру, не перзент сүйулері екі талай болады. Сол үшін, ұрпақтары жалғасу үшін, жеті атадан асырып барып үйленуді жөн көрген. Сонымен қатар шежіреге қарап рулар өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ажырата білген. Қазақ үшін салт-дәстүрді сақтау маңызды дүние болып қалады. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан салт-дәстүрдің болуы, сол шежіренің арқасы. Қазақтың осындай құндылығын сақтап қалу үшін Төле, Қазыбек, Әйтеке билер үш жүзге бөлініп, шежірелерін қалыптастырды. Төле ұлы жүзге, Қазыбек орта жүзге, Әйтеке кіші жүзге би болды.
Ұлы жүздің рулары: Албан, Дулат, Үйсін, Суан, Шапырашты, Сіргелі, Ысты, Ошақты, Жалайыр, Шанышқалы, Қаңлы.
Ал орта жүздікі: Арғын, Атығай, Қарауыл, Қанжығалы, Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Бәсентиін, Тарақты, Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Керей, Уақ рулары.
Кіші жүздің руларына: Жетіру, Әлімұлы, Байұлы, Ноғай-Қазақ және т.б рулар жатады.
Қазақта жеті атасын білмеген жетесіз деген сөз бекер айтылмаса керек. Жеті атаны жетік біліп, кейінгі ұрпаққа жеткізу әр қазақтың міндеті деп ойлаймын.
Қолғанат Ақбота
Қорқыт ата университеті, Ж-24-1 оқу тобының студенті