Бүгін Қызылорда облыстық сотының ғимаратында Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Хасенова мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Шараға Қызылорда қалалық соты, №2 сот, мамандандырыған тергеу соты мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот және әкімшілік сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар-тренинг барысында мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен достық қарым-қатынаста болуға, өздерін танып білуге, даму мен ізденіске құлшынысын арттыратын, адамдарды түсінуге және мақсат қоя білуге көмектесетін түрлі психологиялық жаттығулар жасады.

Қатысушылар тренингтен ерекше әсер алып, өздерінің ойларымен бөлісті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған