Сұрапыл жылдарды бастан өткеріп, бейбіт күн сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсету – парыз. Біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін ардагерлерге қарыздармыз. Сондықтан, осы санаттағы адамдарға көңіл бөлу, қолдаудың өте маңызды екенін білеміз. Біздің мекемеде бірде-бір ардагер назардан тыс қалмайды. Өткенге салауат, аға буынның ерлік дәстүріне құрмет көрсету бұл өлкенің өрендеріне қасиетті Алатаудың кәусар ауасымен дарыған қасиет. Отан үшін майданда қаза тапқан боздақтарымыздың абзал есімдерін жүрегімізде мәңгі сақтау, майдангерлер мен ардагерлерге барынша құрмет көрсету, қамқорлық жасау – бізге жүктелген парыз бен міндет. Соңғы кездері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел Үкіметі ардагерлердің өмір сүру жағдайын сапалы өзгертуге бағытталған түрлі шараларды қолға алуда. Сондықтан, бұл мәселелерге қатысты мемлекеттің ұстанымы мүлде басқа деңгейде.
1 қазан – Халықаралық қарттар мерекесіне орай «AMANAT» партиясының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ел аумағында бірқатар іс-шара өткізді. Партиялықтар қариялардың шаңырағына барып, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады. Партиялық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық орындардың инклюзивті ортаға бейімділігін бақылау мақсатында мониторингтер жүргізіліп, берілген ұсыныстардың орындалысы үнемі бақылауда ұсталып отыр. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлер мен қарттар үнемі медициналық бақылаудан өткізіледі. Тыл және еңбек ардагерлері, партия ардагерлері партияның аудандық филиалы және бастауыш ұйымдары арқылы мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды. Мерекеге орай, тыл және еңбек ардагерлерін аудандық филиал және бастауыш партия ұйымдары құттықтады.
Қазақ қашанда ардагерін, ақсақалын ардақтаған, қазынаға теңеп, қариялығына бас иген халық. Жалпы, «ардагер» ұғымы қазақтың «ардақты ер» деген сөзінен шықса керек. Расында, бүгінгі «Ардагерлер ұйымының» атқарып жүрген әр ісі, жастарға берер тәрбиесі мен өнеге-өсиеті –нағыз ардақты ерге тән үлкен миссияның көрінісі. Әлеуметтік бағдарламалар қызметкерлері аға ұрпақ өкілдерін құрметтеу, сый-сияпат көрсету жыл бойы жалғасын табатынын жеткізді. Кеңес жұмысы қарттардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, зейнеткерлерге практикалық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуге, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал етуге бағытталған қоғамдық негізде жүргізіледі. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» ҚР Заңына қол қойды. 18 баптан тұратын аталмыш Заңда ардагерлер мен ардагерлер қатарына теңестірілген азаматтар, еңбек ардагерлеріне қатысты мәселенің барлығы қамтылып, айқын жазылған.
Мемлекет тарапынан бұған дейін ардагерлерге ерекше назар аударылып, көптеген көмек жасалып келді. Енді тіптен бұл қамқорлық еселеніп жатыр.
Мемлекет басшысы тек қарт майдангерлер ғана емес, Ауған соғысы, Чернобыль, Таулы Карабахта және басқа да мемлекеттерде ел амандығын қорғаған азаматтардың ерлігін ескеріп, қамқорлығына алды. Барлығына дерлік көрсетілетін әлеуметтік көмекті арттырды. Тұрғын үймен қамту, денсаулығын түзету, сауықтыру, коммуналдық төлемдер, жол жүру жеңілдіктері, салық төлеу жеңілдіктері беріліп отыр.
Ал, қазақтың бүгінгі қазыналы қариясы – кешегі Ұлы Отан соғысында майдан көрген, тылда еңбек еткен аталарымыз бен ағаларымыз, әжелеріміз бен аналарымыз. Кеңестік дәуір келмеске кетіп, тәуелсіздік таңы атқан кезден атқа қонып, ел еңсесін тіктеуге, шаруасын дөңгелетіп, экономикамызды нықтауға аянбай еңбек еткен кешегі аға буын да бүгін ардагерлік жасқа келіп қалыпты.
Олардың жүріп өткен жолы – бүгінгі қоғамға үлгі-өнеге, әрбір кеңесінде ұлттық сезім, адамгершілік пен адалдық, жауапкершілік пен ізгілік тұнып тұрады. Кім біледі, «Қарияларымызға иман, жастарымызға өмір берсін!» деген батаның астарында үлкен ниет бар шығар.