Сазды ауылының жастары дауыс беруге ерекше форматта – мотоциклдермен келді. Мотошеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп өтіп, бір мезетте сайлау учаскесіне жетті. Шеруге қатысқан жастар ұлттық киім киіп, қазақтың салт-дәстүрін дәріптей отырып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
-Бүгін достарымызбен бірге, мотоциклмен дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадық. Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірлігі мен белсенділігін көрсететіні анық. Әрбір дауыс – мемлекет болашағы үшін маңызды деп ойлаймын, менде өз болашағым үшін таңдау жасадым»- деді Алматов Асылжан.