Республика күніне орай, Қызылорда облыстық сотында салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін бейнелейтін ұлттық мейрам екенін атап өтіп, оның маңыздылығына тоқталды.

Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен шараның қатысушыларын мерекемен құттықтап, сот жүйесінің өкілдері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында еңбек етіп, еліміздің құқықтық дамуына ерекше үлестерін қосып отырғанын жеткізді.

Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліменҚызылорда облыстық сотының судьясы С.Жуынтаева марапатталды.

 «Үш би» төсбелгісімен облыстық соттың судьясы Н.Қосанов, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.Шамшиев марапатталды.

 «Жеті жарғы» төсбелгісімен Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов, Қызылорда қалалық сотының төрағасы Д.Кентбаев марапатталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы Г.Қалықова, Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Мырзатаева марапатталды.

Бірқатар судьялар мен сот қызметкерлері Судьялар Одағы Орталық кеңесінің «Судьялар Одағының құрметті мүшесі», «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» және «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Сонымен қатар, шарада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының, Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысының, Қызылорда облысы әкімінің, Қызылорда облыстық соты төрағасының, Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған