Қызылорда облысы республикалық референдумды өткізуге дайын. Бүгін – үгіттің соңғы күні. Ертең, 5 қазан – тыныштық күні. Ол күні үгіт жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. 6 қазан – дауыс беру күні.
Аймақта 380 референдум учаскесібар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-ы аудандарда орналасқан.
Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден20.00-ге дейін жұмыс істейді.
6 учаске таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды. Ол үшін арнайы қаулы бекітілген. Сондай-ақ, азаматтардың уақытша болу орнындағы 27 учаскеде дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Олар әскери бөлімдер, емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары және тағы да басқа орындар.
Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды.Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қамтамсыз етілген.
Дауыс беру күні45инватакси қызметі жұмыс жасайды. Оның 16-ы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда.
Қажеттіліктерге қарайучаскелерде48ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқаБрайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді.
Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Тұрғындарға референдум өткізетін күн мен орны туралы көрсетілген шақыру қағаздарымен смс хабармалар таратылды.
Референдумды өткізуге жауапты 2652 комиссия мүшесітолық оқытудан өткізілді.
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.
Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске (№198 РУ – №5 мектеп-лицей №250 РУ – №261 орта мектеп, №189 РУ – №136 мектеп-лицей, №264 РУ – №264 мектеп-лицей, №347 РУ – №271 орта мектеп) жұмыс істейді.
Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.
https://referendum.orda.gov.kz/kkсайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.
Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған.
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.
Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 4 ауысыммен жұмыс істейтін 36 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты.
Аймақта 25 қоғамдық ұйым аккредиттеуден өткізілді. Сондай-ақ, саяси партия және халықаралық байқаушылар үшін де дауыс беру процесін байқауға мүмкіндік жасалады.
Дауыс беру күнінде азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында ең жас, ең алғаш болып келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар үйлестірілетін болады.