Референдум күні тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында референдум учаскелері орналасқан ғимараттардың алдында халықтық викториналар өткізілді.Шара барысында қатысушылар еліміздің тарихы, мемлекеттік рәміздер, ұлттық дәстүрлер мен қоғамдағы маңызды оқиғалар жөнінде білімдерін сынап, белсенділік танытты. Қатысушылар арасында студенттер, жастар және қала тұрғындары ерекше қызығушылықпен қатысып, өзара пікір алмасып, білімдерін ортаға салды.Іс-шараның қорытындысында жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс айтылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.Бұл бастама референдум күні мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, тұрғындардың қоғамдық шараларға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.