Көрермен назарына өзектімәселелер жәнеөнертабыстар ұсынылды

«Референдум – 2026» онлайн марафонында жасанды интеллект, волонтерлық мәдениет, киберспорт мүмкіндіктері талқыланды.  Экология мәселелерін технология арқылы реттеуге болады деген, жас ғалымдар марафонның инновациялық алаңында өнертабыстарын ұсынды.

Сағат 09:00-ден басталған онлайын шара бұл жолы таралу ауқымымен ерекшеленіп отыр. Қазақстан телерадиокорпорациясының аймақтық филиалдары мен АҚШ, Ресей, Түркия, Қытай, Бельгия елдеріндегі өкілдіктерінің тілшілері тікелей қосылуда. 

Бұл медиа кеңістіктің тағы бір ерекшелігі алғаш рет арнайы ұйымдастырылғанинновациялық алаң. Сол алаңда отандық ғалымдар жаңа жобаларын көпшілікке ұсынды. Мысалы, жас өнертапқыш АделияАнаш келешекте адам ағзасына салынуымүмкінмеханикалықжүрекжобасынжәнемайтабан диагнозын анықтауға арналған «ақылды» ұлтарақты көпшілік назарынаұсынды. Сонымен қатар, жас ғалымНарминахон Иманғалиева ластанғанауаданпринтергеарналғанқарабояуөндіругемүмкіндікберетінинновациялықжобасынтаныстырды. Жоба экологиялық мәселелердітехнологиялық шешімдер арқылы реттеугебағытталған. Жас ғалымдар өз ізденістерінің нәтижелі болатынына толық сенімді. 

Робототехникалық жобаның авторы Айсұлу Тілеуқұлова ерекше балаларға арналған жаңа технология туралы тарқата баяндапберді. Оның айтуынша, жаңа технология баланың дене тепе-теңдігін дамытуға арналған робототехникалық платформа. Платформацеребралды сал ауруы, аутизм және басқаданеврологиялық диагнозы бар балаларғаарналған.

Сонымен қатар қазақстандық жас ғалым Манат Нұрсұлтан спортшылардың қозғалысын талдауға арналған сенсорлық құрылғы технологиясын таныстырды. Оның айтуынша, бұл құрал қазіргі уақыттаспорт саласында, әсіресе футболдақолданылып жатыр. Жоба Mirai Motion датчиктержиынтығыдепаталады. Бұлтехнологияны әзірлеу барысындананотехнология элементтері қолданылған.

Онлайн марафон алаңында Петропавл қаласынан келген Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт сөндіруге арналған роботтың мүмкіндіктерін көрсетті. Мұндай роботтар төтенше жағдайлар кезіндеадам өміріне қауіп төндірмей жұмыс істеугемүмкіндік береді.

Іс-шараға саясаткерлер мен сарапшылар, өнерпаздар ғана емес танымал спортшылар да арнайы қонақ ретінде қатысып, өз ойларымен бөлісті. Олардың қатарында әлемчемпионыРизабекАйтмұханменГиннессрекордтаркітабыныңрекордсменіСергейЦирюльниковбар.

Марафонның дискуссия алаңында «Қазақстандағы жасанды интеллектініңдамуы» тақырыбы жан-жақты талқыланды.Сарапшылар жасанды интеллекттехнологияларының экономика, білім беру, медицина және медиа салаларына ықпалын, сондай-ақ оның болашағымен мүмкін болатынтәуекелдерін талқылады.

Қазақстанда жасанды интеллектті дамытудағы басты міндет – білікті кадрлар даярлау. Бұл туралы Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева айтып, ел цифрлық үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орында тұрғанымен, жасанды интеллект деңгейі бойынша 76-орында екенін, сондықтан инфрақұрылыммен қатар мамандарды даярлау және азаматтардың ЖИ-ді күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар марафон барысында қоғам үшін өзекті тағы бір тақырып – «Волонтерлік: жаңа азаматтық мәдениет» талқыланды. Соңғы жылдары еріктілер қозғалысы қарқындыдамып, жастар белсенділігінің маңыздыбағытына айналып келеді. Волонтерлікмәдениеттің қалыптасуы азаматтықжауапкершілік пен әлеуметтікынтымақтастықтың жаңа үлгісін көрсетеді.

«Ұлттық волонтерлік желі» ұйымының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетовтыңайтуынша, кез-келген елде волонтерліктіңдамуына ұлттық мәдениет пен дәстүр үлкенәсер етеді. Батыс елдерінде волонтерлік көбінезаң мен реттеліп, кей жағдайда жұмыс күшініңтапшылығына байланысты қалыптасқан. АлҚазақстанда бұл қозғалыс азаматтардың елгеқызмет ету ниетінен туындайды.

Онлайн марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жанындағы пресс-орталық референдум барысы туралы ресми ақпараттарды тұрақты түрде таратып отыр.

Тікелей трансляция:

YouTube – https://www.youtube.com/live/XI1B-nqakuI?si=gxL0PPqqmZy-46-C

Facebook – https://www.facebook.com/share/v/1EckJhg5S2/

Instagram – https://www.instagram.com/qazaqstantv/live/17987331689950875 /

TikTok –https://vt.tiktok.com/ZS9R1bfLPhNoH-xhVsr/

Telegram – https://t.me/qazaqstantv?livestream

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған