Жаратушы өз елшілерін әрбір ғасырда, әрбір дәуірде адамзатқа міндеттелген негізгі парыздарды бұзған, сол міндеттерге қарсы келген, халқын аздырып-тоздырып, берекесіз құлдық саналы жүйе құрып, елді жеке өз мақсатымен адамгершілік қағидаларына қарсы қойған қоғамды таңдап, арнайы Елшілері арқылы ескерту үшін жіберіп отырған. Азып-тозған елдің бірі өз заманында Мекке халқы болғанын тарихтан білеміз. Жаратушының ақырғы Пайғамбары Мұхаммедті (а.н.ж) таңдап жіберіп, мейірім махабатымен бейбіт өмір мен саналы әділетті ел құруы үшін бойына ерекше қасиеттер беріп рахымымен жіберген. Ол Пайғамбарлығымен Құран кітабын жіберген болса, қарапайым адамдығымен сол Құран мен ел басқарып адамзатқа үлгілі міндет терді атқару жолын көрсетіп кеткенін ақиқат ретінде саналы түрде қабылдаймыз.

Қазіргі таңда сырттан келіп жатқан негізсіз, артында жасырын үлкен күші бар ағымдарға заңмен, күшпен немесе тар тысып дәлелдеп таласудан пайда тап паймыз. Біздің негізсіз діни ағымдарға күш қолданып, дәлелдеп таласуымызды сыртқы күштер күтіп отырған болуы ықтимал. Таласу түбі –тәкәппарлыққа апарып, жастарымыз баз біреулердің қақпанына түсіп қалуы мүмкін. Осы тұста Абай атамыздың;

Жоқ деп едiң керегiң,

Топ жиып ең бiр бөлек.

Кезек келер демедiң,

Ендiгi керек қай керек,- деген өлеңiнен топ құрғанның елге пайдасы жоғын айтқаны ерiксiз ойға оралады. Яғни, жаратылған дүниеде қарама-қайшылық іс әрекеттер болмағаңда, жаратушының әділ де рахымдылығын ешкім сезінбеген болар еді. Жамандықты көріп, жақсылыққа бет бұру, уақытша жалған сынақ тіршілікте өмір сүру зандылығын адами ақылға салдыру – Жаратушының рахымы еді.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (А.н.ж) Алладан бұл туралы: “Күдiксiз дiндерiнде (сенімдерінде) бөлiнiп, топтарға айырылғандармен сенiң еш байланысың жоқ”, – деген аят түскен (Әнғам сүресi 159 аят), ал қасиеттi өсиет сөзiнде: “Бөлiнушiлiк жасағандар бiздерден емес”,- дейдi.

Сондықтан қоғамның рухани тұсын жалпы алғанда, халыққа жастарға дін дегенді, ислам, шариғат, хадис, сүннет, саясат (амал) ұғымдарын түсінікті түрде адам заттық, қоғамдық дәрежеде уақыт талабына сай түсіндіріп, бірінші кезеңде түсініктеме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, екінші кезеңде заң аясында орындалу жолдарын қарастыру қажет.

  1. Мейірімді, рахымды, Аса қамқор иесі Жаратушының адамзатқа нұсқаған Бейбітшілік (Ислам) жолы, дін – Сенім деген мағынадан тұрады. Осы жолға сенім білдірген халыққа арналған, бір Жаратушыға сеніммен адамзатқа атқарылар жол жүйесінің міндеттері.

Бейбітшілік жолында құрылған мемлекеттің Заңы «Мейірімді Рахымды Жаратушының атымен» басталып жүзеге асырылса, сол мемлекет Жаратушы иеміздің шексіз рахымына бөленері хақ.

Ислам – «Сәлем» деген сөзден шық қан. Ол бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Бейбіт өмір сүру – Жаратушымыз нұсқаған жол. Ол жолмен адамзат жүріп өтуге тиіс. Жаратушының адамдарға қоятын негізгі талаптары: білім нің, рухани және материалдық дүниелердің заңдылықтарын игеру, соның негізінде шын дықты танып білу, сол арқылы өзіңді ізгі адамгершілікке үйрету, осының бәрін орындауда өзара әділеттілікті, шыдам ды лықты, еңбексүйгіштікті қамтамасыз ету.

Ислам (Бейбітшілік) – Жер бетіндегі жаратылған адамзатқа бейбіт өмір сүру сенімін мойындап (Құран – жер беті халық тарының бақытты өмір сүрулері үшін тұжырымдалып бекітілген Жарату шының заңы. Заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Мемлекеттігіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы барлық ұлт өкілдерін салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңның мықтылығы- адалдығы мен әділдігінде. Заңды құрметтеу – қасиетті парызымыз. Заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақ сатқа қол жеткіземіз) қолдайтын және сол ұстаныммен жүретін, соның жолында Жаратушының адамзатқа жүкте ген ортақ жұмыс жасайтын қауымның атқаратын міндеті. Пайғамбарымыз (А.н.ж) арқылы Жара ту шының жіберген соңғы кітабы Құран Кәрім арқылы міндеттеген құлдарына қалаған бейбіт өмір жолына 20 елмен келісімге келіп, ынтымақ, ортақ мақсатта олар ды біріктіріп өркениетті, мәдениетті елдердің қатарында болуында ақидасымен (Ақида – бұлжымайтын қағида; Ислам дініндегі(бейбітшілік сенімінде) негізгі қағидалар жиынтығы. Бұл білім саласын немесе осы ғылымды дін негіздері деп те аталады) еңбегінің жемісін әлемге үлгі көрсете білді. Ол жөнінде Құрани Кәрімдегі; «Әй, Мұхаммед біз сені әлемге үлгі қылдық» – деген аяты адамзатқа ортақ жол көрсеткенінің белгісі болмақ.

2. Хадис – бұл өмір сүріп отырған мемлекеттің заңы мен ережесін . басшылыққа алу арқылы, мемлекетті құрайтын халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей отырып бірлікпен өмір сүру ішкі идеологиясы. Идеология дегеніміз – белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ортақ мақсатқа жету көзделеді.

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасау ды адамзатқа насихат еткен үлгілі іс әрекеттер (этика-эстетика). Іс-әрекет тер инабаттылық пен иман жүзділікті қалыптастыру мақсатында мейірімділік, ізгілік, ар-ұждан, ұят, абырой және т.б жағымды қасиеттерді қамтиды. Этика -эстетика адам заттың накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді. Үлгілі іс-әрекеттер мен ізгіліктерді – саналы түрде білім мен тәрбие арқылы дарыту керек, сонда ғана адамзат игілікті істерге талпынады.

3. КУӘЛІК БЕРУ

Мен өз еркіммен бүкіл адамзатқа ортақ бір Алланың және оның бейбітшілік (Ислам) жолын мойындаймын, соны мен бірге мен ант етемін, барлық өткен пайғамбарларға сеніп және бүкіл адам затқа ортақ Мұхаммедті Алла тарапынан жіберілген соңғы пайғамбар деп қабыл аламын, және өзімді Алла харам еткен нәрселерден (арақ, доңыз еті, жаман қылық тардан) аулақ ұстауға уәде беремін. Соны мен қатар күніне бес уақыт намаз және жылына бір ай ораза Алланың құл дарына деген рахымы жеке өзіміз үшін және әрбір жекеден қоғам құралатынын сезініп жаратушының әрбір парыз-міндеті қоғамымыз үшін деп қабылдаймын. Тұрып жатқан Отанымды сүюге, сонымен бірге ұлтқа-ұлысқа бөлінбей барша адамзат Алла ның құлы екенін мойындаймын. “Әмин”

4. ЖАРАТУШЫНЫҢ АДАМЗАТҚА ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТІ ҚОҒАМЫМЫЗ ҮШІН

Жаратушы иеміз жер бетіндегі өзі жарат қан құлдарын Жаратушы бір екенін мойындап ұлтына, түріне-түсіне қарамай бейбітшілікті (Исламды) жақтаған тыныш қоғам құрып, жақсы, жан-жақты дамыған, салауатты өмір сүрулері үшін жер бетіндегі адамзат баласына 40 міндет жүктеген. Бұл міндетті белгілі бір ұлт тарға ғана деп түсінбеуіміз керек. Өйт кені барша адамзатты бір Жаратушы жаратқан. Осы 40 міндеттің 35-і әрбір қоғам, мемлекеттің күнделікті өмір сүру тіршілік жағдайларына байланысты, ал 5-і сол қоғамның, мемлекеттің құрылым тірегі болып саналады. Бейбіт өмір сенімінде (Ислам дінімен) құрылған қоғамның мемлекеттердің бес міндет-тірегі:

Бес парыздың негізгі міндеттері; жер бетіндегі халықтардың бейбіт және әділ ел болу, соған лайықты қоғам құру, табиғаттың тепе-теңдігін бұзбау, қызметтерін адал атқару мәселелері жоғары бағаланып қолданылады.

5. Иманы бар адам – деген сөзге лайықты адамды, мәдениетті, ары, ұяты, ынсабы бар, қоғамға пайдалы, әділ шешім қабылдай білетін, өзінің ақыл парасаттылығымен сенімді адам екенін еліне амалымен дәлелдей білетін тұлғаны мысал келтіруге болады.

Мұхаммед Пайғамбарымыздың (А.н.ж) «Әр кезеңнің өз ғалымы және құралы болады» – деген сөзі заманына қарай көп өзгерістер болатынын айтып кеткенін аңғарамыз. Ол жөнінде Абай атамыз қара сөзінде; «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де –ақымақтық» – дейді. Егерде еліміздің дамыған елдердің алдыңғы сатысында көрінгенін қалайтын болсақ, тек біліммен емес, рухани да, мәдени де, соңғы жетістіктегі технологиямен де қамданып қатарының алды болуға ұмтылуымыз керек екенін ұмытпағанымыз абзал болар еді.

Осы тұста Абай атамыздың;

Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол,

Шын иланда, таза ойла бір иманды,

Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол.

Алла ішінді айтқызбай біледі ойла,

Пендесіне қастықпен кінә қойма.

Распенен таласпа мүмин болсаң,

Ойла, айттым, адамдық атын жойма! –деген өсиетіне ерекше мән беруіміз керек.

Намаз – Жаратушының адамзатқа нұсқаған жолы. Жер бетінде бейбіт өмір сүру үшін, әрбір ақыл-есі түзу адам бала сының лауазымына, дәрежесіне, қызметіне қарамастан халық алдында мамандығымен атқарылатын міндеттерін адалдықпен, таза лықпен орындау үшін, қателікке бой алдыр мау мақсатында Жаратушыны еске ала отырып жеке немесе көпшілікпен атқарылатын міндет.

Сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан әрбір адамдардың өмір сүру-тіршілігінің (құлшылығының) таза бастауы. Намаз әрбір адам үшін міндет. Жаратушы біздердің намаз оқығанымызға мұқтаж емес, керісінше біз Жаратушыға, міндеттерін орын дауға мұқтажбыз. Әрбір қоғам мүшесі Құдайдың бір екенін мойындап, күніне бес уақыт намаз оқып, тән-жан тазалығында болып, денсаулығымызға пайдасы бар екенін біліп, әрекет ететін болсақ, тәні сау, жаны сау адамның алған ілімінде де, атқарған жұмысыңда да тазалық, бір жүйе- тәртіп, береке болады. Мінекей, күні не бес уақыт құлдарына міндет еткен намазын оқып, жан-тән тазалығыңда болып, әрбіріміз денсаулығымызды салауат ты ұстасақ, дені сау-жаны сау адам ұлты на қарамай, әр салада ілім алып, өз мамандықтары мен заман талабына сай дамы тып, халыққа қызмет етуді Аллаға құл шылық, – деп түсінуіміз керек. Намаз – сол құлшылықтарды өз дәрежесімен адал да, таза істеу үшін тәніміз бен рухымызға керек нәр.

6. Ораза – Жаратушының адамзатқа нұсқаған жолы. Жер бетінде бейбіт өмір сүру үшін, әрбір ақыл-есі түзу адам бала сының лауазымына, дәрежесіне, қызметіне қарамастан халық алдында мамандығымен атқарылатын міндеттерін адалдықпен, тазалықпен орындау үшін Жаратушының рахымымен берілген деннің саулығын күту, қорғау, сақтау мақсатында жылына бір ай бойы арнайы атқарылатын міндет.

Денсаулық Құдайдың берген амана ты деп қабылдайтын болсақ, Пайғамбарымыз (А.н.ж) өз сөзінде; “Тазалық имандылықтың жартысы” – десе, қазақ мақалында: “Бiрiншi байлық денсаулық, денсаулық кепiлi тазалық” – деп, сол денсаулықты күтіп баптау, ауру ға шалдықтырмай күтіну әрбір ақыл есі түзу адамның мойнындағы міндеті болып табылады. Абай атамыз; «Ауруды жаратқан Құдай, бірақ ауру қылған Құдай емес» – дегендей, адам баласы

халыққа адал және таза қызметімен атқарар міндетін жүзеге асыру үшін денсаулықтың болуы, денінің сау болуы өте маңызды болмақ. Сол себептен Жаратушының жаратылған құлдарына жылына бір рет, бір ай бойы денсаулығы жарайтындарға, сол денсаулықты күтіну, жақсарту, тазарту мақсаттарында ораза тұту арқылы адамды салиқалы, салауатты тұрмысқа міндеттейді. Жыл он екі айдың бір айында ораза ұстаған адам асқазан мен ас қорыту жүйесіне де демалыс бере отырып, асқазанға салмақ түсуден туындайтын барлық ауруларға қарсы тұруға ағзаларды үйретеді. Ораза ұстаған адамның денесі жеңілдеп, жарқын рухқа ие болуына әсер етеді. Бұл жағдайларды медицина, биология және зиялы тәжірибе де дәлелдейді. Мемлекет адамдардан құралатын болса, Алла тағаланың әрбір міндеттері қоғамымыз үшін, деп түсінген жөн.

7. Зекет – Жаратушының адамзатқа бейбіт өмір сүру мақсатында, әрбір елдің халқы әділдікпен мәдениетті және өркениетті дамып, халқының тыныш та, берекелі өмір сүруін қамтамасыз етуі үшін жұмсалатын қаражатты заман талабына сай тапқан пайдасына орай тиісті үлесінен жинап, оны елдің болашағына әділдікпен жұмсалатын қаржы сол елде қызмет жасайтын тұрғындардың мөлшерлі өтейтін салық міндеттері.

Әрбір елдің тұрғыны өзінің Жара тушының алдындағы сенімі мен тұрып жатқан елдің халқы алдындағы заңды атқарар қызметіне, кәсібінің пайдасына және сол елдің бекітілген заңына орай әрбір ақыл-есі түзу, кәмелетке толған, ден саулығы халыққа қызмет жасауына жарамды тұрғыны тапқан пайдасынан мөлшерлі салық (зекет) үлесін өтеп отыруы міндеттелген. Ол қаржының халықтың мұқтаж жандарына, халықтың болашақ мақсат тарына, елдің ел болып даму бағдар ламасы мүддесіне, әділ үлестіру өте қатаң жауапкершілікпен қадағалауды етіледі.

Құран аятында; «Олар: ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін (сенім). –делінген.

Салық мемлекет тірегі болып табылады.

8. Қажылық – Әлемдегі Бейбітшілік (Ислам) мақсатын ұстанып, соған келісім берген, ортақ ереже-заңдарын еркін түрде қабылдап, жылына бір рет Жаратушының адамзатқа бейбітшіліктің ортақ орыны ретінде белгілеген қасиетті Қағбаға, елінің атынан халық сайлаған өкілдер жиналып, барлық тақырыптағы шешімдер мен келісімдерді өте зеректікпен 10 күн бойы талқылап, адамзатқа пайдалы шешімдерге қол қойып жер бетінде бейбіт өмірді, қол қойылған келісімді сақтап тұруға атқарылатын міндет.

Әлемнің тыныштығы мен бейбіт өмірі жер бетіндегі адамдардың, елдердің тіршілігі арасындағы келісіммен тұрақталып оты руға мүдделі. Қазіргі заманның халықаралық дәрежеде тұрақсыз дығын ескеретін болсақ аталған өмір заңдылықтары адамзатқа ауадай қажет екенін ескереміз. Құран аятында; «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам (Бейбіт өмір сенімін) дінін қоштап ұнаттым» – деген Құдайдың сөзі жаратылған адамзаттың ұрпақтары жер бетінде, бейбіт өмір сенімін жоғары бағалай ұстауын, барлығы да Жарату шының алдында тең дәрежеде деп түсінгенін қалайды. Абай атамыздың; «Біреулер қажыға барып жүр, болмаса да қажы парыз» – деп айтуының себебі де қажылық жеке мақсаттың мүддесінен жоғары, халық атынан барған өкілдердің ел үшін атқарар міндеттері болып саналмақ.

Құран Кәрімде: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық». -деген сөзі адамзатқа тура жол екенін әрбір жер бетіндегі елдер пайдасын көріп, ол жерде жиналған уақытта бүкіл халықтар арасындағы, әлемдегі адамзаттың өзекті тақырыптарының шешімі қабылданып, бүкіл адамзат атаулы ол қабылданған шешімдердің өз еліне пайдасы тигенін көріп сезінуі Құдайдың жолының әділдігі белгісінің көрінісін сипаттап көрсетпек.

Ол көріністі Абай атамыз былай сипаттайды;

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті – деп.

Қай жерде Құдайдың атымен Құран хадис қағидаларымен пайдалы әділ шешім қабылданса, сол жерде сенім(дін) бар деп қабылданғаны, әділдіктің пайдасын мойындауы арқылы Жаратушыға деген сенімі орнығатыны хақ.

9. Ұлт – «Біз сендерді ұлт еттік, ұлыс еттік, өз тектеріңді білу үшін» құран аяты.

Негізі ұлттық идеология қалыптасуы ның бес себебі болады;

1. Тұрақтап өмір сүріп қалыптасқан жері

2. Ұлттың шығу және ғасырлар бойы өмір сүру тарихы

3. Ұлттық өзінің ана тілінің қалыптасуы

4. Тұрған жерінің табиғатына қалып тасқан ұлттық киімі

5. Өмір сүру, ұрпаққа пайдалы, ұлттың болашағына сенімін орнықтыратын дәстүрлі тәрбиесі.

Әрбір елдің ұлттық құндылықтары сақталып отыруы, ата-бабасынан келе жатқан, жас ұрпақты имандылыққа, мәдениеттілікке, тазалық пен әділдікке тәрбиені сақтай отыра, оны ұрпаққа өсиетімен жеткізудің өзі мәдени мұра болып табылады. Қазақтың ата-бабасынан келе жатқан елдің жақсы қасиетін қолданып көрсете білу әрбір дәстүр мен тәрбиені қатар ұстанатын оттың басынан бас тау алуы керек. Пайғамбарымыздың өсиет сөзінде; “Ақылдылықтың бастауы-құдайдан қорқу” десе, Қазақ мақалында: “Құдайдан қорықпағаннан қорық” – деп, әрбір жақсылықтың бастауы Жарату шыға деген сенімнен басталатынын мақалымен ұрпаққа тәрбиелік мұра қылып қалдырған. Қазақ ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі үш қағидаға берік болған; Ұят болады, жаман болады, обал болады – деп тәрбиелік қағида ретінде орындатса, шаңырақта жаман нәрсені атама, ол тарап кетеді, балалап кетеді, көбейіп кетеді деп тиымдарды рухани мақсаттарға енгізгені білінеді. Тәрбие ережесінде жоқ, жаман нәрсені жасап жатырса; «Құдайдың бұйырмағанын жасап жатырсың» -деп қате амалдан тиып отырған.

Тұрмағанбет Ізтілеуов атамыз негізінде адамда үш мақсат болады; «Ел үшін, мал үшін, бала-шаға қамы үшін» деп айтқандай, ел үшін деген тұлғалардың, Алаштықтардың халыққа толық қызмет жасай алмай кеткен жүйесінің мақсаты елді кеңес үкіметінен алшақ ұстауы және діни қараңғылық идеологияны халық санасынан шығаруды көздегенін байқаймыз. Қазіргі уақытта солардың бастамаларын іс жүзінде жүзеге асыру әрбір елдің жанашырының міндеті болмақ.

10. Мұсылман (арабтың сөзі) – Ақыл есі түзу адам деген мағынаны білдіреді. «Ақыл есі түзу адамға иман парыз, иманы бар адамға ғибадат парыз» -деп Абай атамыз оған түсініктеме беріп кеткен. Ақыл парасатымен саналы түрде Құдайдың бір екенін мойындау, ғылым-біліммен, қарапайым ақыл түсінікпен адамзатқа пайда келтіретін міндеті.

Халыққа келтіретін пайдасын адал таза атқаратын басшы болсын, өз мамандығын жетік меңгерген елдің дамуына, халқының өмір сүру тіршілігін жеңілдететін қызметін адал атқарушы, елдің мүддесін жоғары қойып қызметін ұсынатын адамдық қасиетін берік ұстайтын тұлға. Мұсылмандық ешқандай ұлтқа бөлінбейді, ол адамзатқа ортақ түсінікті қалыптастырады.

Жаратушы Алла бір деп, мейірбандықты, татулықты, бейбітшілікті жақтайтын, қолымен де, тілімен де өзгеге зиянын тигізбейтін адамдардың бәрін ұлтына қарамай мұсылман деп қабылдайды.

Құдайдың бірлігі мен құдыретін лауазымды, дәрежелі адам біліммен де, қара пайым адам ақылмен де тануына шек қойылмаған. Біліммен таныған адам қоғам ға, ортаға, халыққа көп пайдасы тиюі, ал ақылмен таныған адамның өзімен отбасына, туған-туыс, жолдастарына пайдасын тигізуі мүмкін.

11. Кәпір (арабтың сөзі) – Құдайдың адамзатқа нұсқаған бейбіт өміріне лауазымымен, адамзатқа зиян әкелетін ғылымы, қызметі, теріс пиғыл-әрекеті арқылы, адамдардың арасына ірткі салып бұзып отыратын ниеті мен мақсаты жамандыққа апаратын адамдардың әрекетін айтады.

Құран аятында; «Оларға: «Жер жүзін де бұзақылық қылмаңдар» – делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. «Сақ болыңдар шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар білмейді» – делінген.

Адамның өзінің сеніміне қарай, мақсат мүддесіне ортасына, біреудің кеңесіне, дін ұстанған тобының түсінігіне т.б.с қате амалдарға бой алдыруына орай жақсы адам жамандыққа, жаман адам жақсылыққа бет бұруы ықтимал.

Осыған байланысты Әл-Фараби бабамыз; «Тәрбиесіз берген ғылым, қоғамға апат әкеледі» – деп бекерге айтпаса керек.

Білімді адам, лауазымы, дәреже атағы бар адам қателессе, оның қателігінің зияны халыққа, қоғамға, елге тиюі; ал білімсіз қарапайым адам қателессе отбасына, туған-туыс, дос-жораларына, көрші көлемге зиянын тигізуі мүмкін. Құдайдың бұйырған адал, түзу жолын әрбір ақыл есі түзу адам баласы әруақытта есінен, санасынан шығармауы міндетті.

12. Хақиқат – Жаратушының нұсқаған бейбіт және әділ жолымен бастау алып, халықтың сол жолымен қабылданған әділ заңымен адал басқара білетін, әділ заңын орындатып, халықтың бейбіт те тыныш бақытты өмір сүруін қамтамасыз ететін міндет. Пайғамбарлар, Патшалар, заманымыздағы ел билеген тұлғаларға; Әділдігімен үлгі бола білетін, халыққа әділ де, адал атқаруға жүктелген міндет.

Әрбір халықты басқаратын, соларға қызмет көрсететін, мойнына халықтың жауапты қызметі міндеттелген адам таухид білімін қолдана отырып (Таухид – білім саласы жаратушы Жаратушы бір екенін және оның бастауы – ақыры жоқ екенін мойындау соған шынайы саналы түрде толық сенім білдіру), бұл дүниеде Құдайдың бұйырған халық алдындағы міндетін адал да таза атқаруына орай о дүниеде соның жақсылығын, жемісін көретіндей сенімде жұмыс жасауы керек. Дін –деген қиялы, өзінен басқаға пайдасы жоқ атқарылатын жұмыстарды меңземейді, ол адамзатқа, халыққа адал да, қатаң жауапкершілікпен әділ жолды ұстанып қызмет атқаруды міндеттейді. Абай атамыздың; «Ойға тойма, пайдасыз қиялдан күс (қайт)»– деген сөзі, қияли көзқарастан аулақ болуды айтады.

13. Мағрифат – Жаратушының аты нан бастау алып нұсқаған бейбіт те әділ жолын ұстанған, Халыққа дұрыс жол көрсететін, халықтың тұрмыс-тіршілігіне тиімді заң қабылдауына ықпал жасай білетін, халық пен елге басқару қызметінің әділ жолын қадағалайтын, лауазымына байланысты әділ шешімдеріне жауапты қызмет иелерінің міндеті. Халифалар, Сахабалар, қазіргі заманымыздың жауапты маман иелері; (мемлекет министрлері, Сенат депутаттары, Академиктер мен Профессорлар), елдің дамуына, халықтың әділдікпен жақсы өмір сүруіне жұмыс жасайтын дәрежедегі жауапты міндеттер.

Жаратушының осы дәрежеде атқаратын қазіргі замандағы жауапты лауазым иелері фикх (заманының заң) ілімі арқылы (Фикх – сөзінің мағынасы: шариғаттың амал дарға қатысты үкімдерін егжей-тегжей дәлелдер арқылы танып – білу, терең түсінумен жан-жақты ұғыну. Құран мен сүннетті басшылыққа ала отырып әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және Отанды қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсат тар тұрғысынан адамзат құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілуін қамтиды. Сонымен қатар мемлекеттер ара сын дағы қатынастарда осы салаға кіреді. Қамтитын мәселеріне қарай отырып қазіргі ұғым бойынша құқық, немесе құқықтық қатынастар деп те атауға болады) елдің келешегіне ұсыныстар мен кеңестердің ертеңгі күні халыққа пайдасы болатынына шынайы сеніммен, әділ де адал заң ережелерін қабылдауында екі дүниенің сұрауы барын ұмытпағаны жөн. Абай атамыздың; «Құдайдан қорқып пендеден ұялып» – деген сөзінде, елдің болашағы үшін атқарылатын жұмыстарда қатаң жауапкершілікті орынды қабылдағанымыз дұрыс болар еді.

13. Тарихат – Жаратушының әділ жолын да, халық өзі сайлаған, солардың алдын дағы жауапкершілігі жоғары, лауазымына байланысты қосымша мәдениетті, білімді, білікті, қабылдайтын әділ шешіміне сенімі жоғары, жүктелген қызметтік парызына байланысты халық алдын да жоғары міндет. Пайғамбарымыз Мұхам медке (А.н.ж) Құдайдың бұйыруымен ел басқарған уақытында, ол кісіге елдегі келеңсіз жағдайлардың, өрескел бұзық тықтың тиылуына аянбай еңбек етіп үлкен көмек көрсеткен, сол кездегі сопылар, ақпараттарды анықтап, ахлақ білімі арқылы білуші сахабалардың және с.т.б тұлғалардың болғанын айта кеткеніміз жөн болар. (Ахлақ ілімі – жүрек пен рух тазалығын үйрететін ілім. Мақсаты адамдарды парасатты етіп тәрбиелеп жетілдіріу. Ахлақ ілімі – өте құнды, өте қадірлі, ең қажетті ілім. Өйткені жүрек пен рухтың жамандықтары тек қана осы ілім арқылы тазалана алады. Жүрек пен рухтың жақсы мінездермен сау және қуатты болуы, осы ілімнің арқасында қамтамасыз етіледі.)

Пайғамбарымыздың (А.н.ж) заманын дағы Сахабалар, халықтың Жаратушыға деген сенімімен өркениетті, иманды, мәдениетті ел болуына үлгілі адал еңбек атқарып өткен. Сол еңбектерден үлгі алып қазіргі уақытта халыққа адал жауап кершілікпен қарайтын; Парламент депутаттары, сот қызметкерлері, әкімдер, лауазымы осы дәрежедегі жауапты қызмет керлер, ел заңының әділ қолданыста орын далуын қадағалайтын тілшілер және т.б.с лауазым иелерінің қызметтерін атқарулары міндеттелген. Сол міндеттерді адал да, әділ атқару үшін, лауазым иелерінің халық алдын дағы сенімі мен мақсаттарын жеке мақсат тарынан жоғары қойып атқаруды; «Әділ биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» – деп Қазақ атамыз елге адал қызмет атқаратын лайықты адамдарды осылай өсиетімен сипаттап берген.

14. Шариғат – бұл барлық жер беті мемлекеттерінің және сол елдегі қоғам мүшелерінің тәртіпті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған ереже. Дүние жүзілік тарихи даму барысында адамдардың құқықтық теңдігі, олардың түбегейлі арманы, мүдделері ішкі ережелерді орындауға бағытталады. Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне жауапты болады. Өмір сүріп отырған қоғамды ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-амалдар жасайды. Осы амалдың барлығы әрбір мемлекеттің ішкі ережесімен реттеліп отырады.

Шариғат (арабтың сөзі) – тура, дұрыс жол; беделді билік арқылы орындалуы міндеттелетін ереже. Шариғат адамдардың адамгершілік мұраттары мен ар-ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлқын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылады. Құран мен сунналар арқылы пысықталған нұсқаулар жиынтығы. Сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ мінез құлықтар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады. Заманына лайықты әділетті заң ережелері жиынтығы.

Қорытындылай келе; «Ғылым да мыған да – Ислам да дамиды».

Мұхаммед (с.ғ.с) өсиет сөзі. Негізінен Құран Кәрім тек бір жақты дүниеден озған кісілерге ғана оқылатын кітап емес. Тірі жүрген адамдарға оқылатын бір ереже және заң кітабы.

Құран кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен» деген әмірмен басталады.

• Құранда білім алу парыз болса, мемлекетімізде «Білім және ғылым министрлігі» құқықтық дәрежеде бір жүйемен қызмет жасауда.

• Құранда Шура сүресінде «Елді игілікпен басқаруда кеңесіңдер» -десе, мемлекетімізде «парламент ел игілігіне» жүйелі жұмыс жасап отыр.

«Отанды сүю – иманнан» делінсе, «Қорғаныс министрлігі» өз қызметін атқаруда.

«Көрші елдермен жақсы болу» десе «Сыртқы істер министрлігі» өз қызметін атқаруда.

«Іштеріңнен бүлінбеңдер» десе, «Ішкі істер министрлігі» өз қызметін атқаруда.

«Денсаулық ұстау парыз» делінсе «Денсаулық сақтау министрлігі» өз қызметін атқаруда т.б.

Жаратушының үкімдерінің мемлекетіміздің әрбір саласында заң шеңберінде атқарылып жатқан орындарын көрсетіп, Жаратушы сөзі Құранды уақыт талабына сай қоғамдық дәрежеде түсіндіре білуіміз қажет. Мемлекетте халықтың игілігі, мемлекетіміздің өркендеуі үшін қызмет жасап жатқан әрбір салалардың қызметтері турасында құранда, хадистерде ашық айтылған. Жаратушы иеміз Құран Кәрімде адам өміріндегі әрбір құбылыс үшін үкімдер қойған.

Дін халықты қоғамдық мәселелер мен өмірден тыс бөліп алып, жеке қараған емес, олай болуы мүмкін де емес. Дін – өмір үшін.

Саясат – бейбітшілікпен өмір сүріп отырған мемлекеттің заңы, ережесі, үлгілі іс-әрекеттері мен ішкі идеологиясының орындалуын оңды нәтижеге бағыттау мақсатында қолданылатын амал. Саясат мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттерінің сипатын құрайды. Саясаттың мақсаты – кез келген қоғамның жоғары құндылығы ретіндегі халықты қолдау және бейбітшілікте өмір сүруін қамтамасыз ету.

15. Имам (арабтың сөзі) – басшы деген мағына білдіреді. Жаратушының адамзатқа жауапкершілікпен халыққа адал қызметтерін көрсетуді, мәдениеттілікті, адамгершілікті негізгі ұстаным ретінде алып, елдің заңымен халықтың өркениетті дамуына жұмыс жасайтын басшылық қыз мет міндеттері екенін атап көрсетуіміз дұрыс. Елдегі әр саланың, әр мекеменің басшы сына берілетін қызметтік жауапкершілікті атау.

Халықтың жаттанды түсінігіндегі Имам сөзі, тек мешіт қызметкеріне берілген дәрежемен шектелмейді.

Хазіретті Омар Хаттабұлы (А.н.ж) ел билеген уақытта, елде халықтың өз құқығынын білуде, оны қорғауда білімділігі өте жоғары, әділдіктің бағасы қадірлі болғаны соншалықты, Имамдық (басшылық) қызметтерге ұсынылған кісілердің жауапкершіліктің ауыр салмағын сезініп бас тартатындар қатары көп болған.

Әділетті, білімді, сауатты қоғамды басқару өте ауыр екенін лауазым иелері ескергені жөн.

16. Молда (Муллах) – Жаратушының адамзатқа міндеттеген заманның ұста нымына ғылымның дамуына, өмір сүру жүйесіндегі ғылымның жетістігіне байланысты құралдарды, технологиялық жетіс тіктерді қолдануға үйрететін әр саланың маман иесі, басшы, ғылыми жетекші, ұстаз, оқытушы (есепші, механик, мектеп мұғалімі) т.с.б мамандықты игерген тұлғаның халыққа көрсететін қызметтік міндеті. Молда (араб сөзі) сөзінің мағынасы мол білуші, көп оқыған, өз саласын жетік игерген деген түсініктеме береді. Әрбір ел өркениетті, мәдениетті, ғылыми технологияда, елінің болашағына қолданып жатқан саяси қадамдармен озық елдердің қатарына қосылуды мақсат қойып жұмыс жасап отыруы міндетті. Сол жолда ғылымды игеру парыз болғандай, әрбір маман иелері білімімен, ғылымымен, өз саласының мамандығымен халыққа адал да, әділ қызмет көрсетуі міндеттелген.

Әлем бойынша молда десе қарапайым халықтың ойында мешіттің төңірегінде Құран оқитын, намаз оқитын адамдар елестейтінін жасыра алмаймыз.

17. Зікір айту – «сендерге білме гендеріңді үйреткендей Алланы зікір етіңдер» құран аяты. Құдайдың құдыретін мойындай отырып адамның сана сына ерекше ақыл беру арқылы, кез-кел ген дүниенің, сол саладағы тапжылмас еңбегінің арқасында, адамзат келешегіне пайдасын келтіру мақсатында сырын ашып түрлендіруімен ақыл-парасатты сенімге ие болған адамдарды атауға болады. Осы атқарған еңбегінің қорытындысын ғылым ның жетістігімен, өлеңмен, өнермен қоғам ның дамып жетілуіне өз үлесін қосып отырғанын және т.с.б мамандық салаларының иегерлері адамзатқа жеткізген ең бектері Жаратушыдан екенін мойындай еске алуды насихаттауымен атқарылатын міндет.

Қазіргі уақытта Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (А.н.ж) хадистерін дұрыс меңгерген адам, Ислам қағидалары ның орындалу жүйесін, көзқарастарын дұрыс танып, негізсіз қияли пайымдаудан аулақ болары анық. Бұл әсіресе «зікір» сөзінің мәселесіне қатысты. Ал ақиқатында зікір – Аллаһты еске алу деген мағынаны білдіреді. Әңгіме қалай үгіттеп, қалай насихатталу да жатыр. Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала : «Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткендей Аллаһ ты зікір етіңдер» – деген. ( Бақара 2:239 ).

Өмір сүріп жатқан заманның ғылыми жетістіктері мен бүкіл әлемдік өркениеттің даму процесі түптеп келгенде Жаратушы Құдыретінің адамзаттың танымына рахымшылықпен берілуі. Мұны әлемнің атақты ғалымдары ғылыми түрде дәлелдеді. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Міне осы, кім Аллаһтың белгілерін ұлықтаса күдіксіз ол жүректің тақуалығынан» – дейді.(Хаж 22:32).

Әр заманның ғылыми жетістігі алдыңғы заманнан бөлек болуы, заман талабының жетістігі болып, сол жетістігімен, шынайы адалдығымен, адамзатқа сипатын жеткізіп, түрлендіріп соны Жаратушының атынан үйретіп отыруының өзі насихат пен Құдайдың құдыретін ғылыми жетістіктің тілімен еске алып дәріптеу болып табылады.

Негізсіз топтар құрып, дінді дәріптейміз деп, жеке мақсаттағы амалдарды жасап діннен халықты үркенішпен қарайтын көзқарастардан аулақ болып, Шәкәрім атамыз; Дін десе білімділер тұра қашар, – деп айтқандай, біз діннен білімді адамдарды шошытатын емес, қайта сүйсіне қарап шындыққа мойынсынатын жолдарды көрсетуге тиіспіз.

Біздің ел Мәшһүр Жүсіп атамыздың өткен ғасырдың осындай уақытында айтқан болжамының; Еліміз70 жыл Құдайсыздар қоғамын және 30 жыл биліктегі ұрықарының ықпалындағы заманын басынан өткеріп келеді. Өкінішке орай, елдің келе шегіне бір мақсатқа біріктіретін идеологиялық тұжырым да, сенім(дін) де болмай тұрғаны әрбір елдің саналы, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жанашыр адамының ойын мазалайтыны ақиқат.

Кеңес үкіметінің негізгі үш ірі қатесі жүйені құрдымға алып келгенін аңғарамыз;

1-сі. Пайғамбарымыз (А.н.ж) әлемге үлгі көрсеткен Жаратушының атынан ел дің құрылымын басқаруы, оның орнына Партияны қойғаны, Партия адамның ойы нан табылған нәрсе болғандықтан жеке ұлттардың мақсаттарына идеология бұрмаланып, әділділ ортақ тұрғыдан ауытқыды. Құран аятында; «Бүгін діндеріңді толық тастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам (Бейбіт өмір сенімін) дінін қоштап ұнаттым». – деген Құдайдың сөзі жаратылған адам заттың ұрпақтары жер бетінде, бейбіт өмір сенімін жоғары бағалай ұстауын, барлығы да Жаратушының алдында тең дәрежеде деп түсінгеніміз абзал.

2-сі. 15 Партияның атынан құрылған мемлекетпен шек теліп, оларды біріктіретін жерді Кремль деп көрсетуі. Құран Кәрімде: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орта лық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық». -деген сөзі адамзатқа тура жол екенін әрбір жер бетіндегі елдер бірігіп әлемдік ортақ мәселелердің әділ шешімін тауып, пайдасын көруі міндеттелгені айтылған.

3-сі. Әрбір жаратылыстың ақыры болады, тек Жаратушының ақыры болмай тынын, шексіз екенін адам санасынан шығармауы керек. Адамның еңбегінің ақырғы жемісін тек осы дүниемен шектеп, ақырғы дүниелік түсініктің болмайтынын тұжырымдауы қарапайым (логикасы) түйсігі бар адамның ақылына қонымсызын тұжырымдауы.

Тұрмағанбет Ізтілеуов атамыз Ленин нің идеологиясының қателіктерін байқағанда, қасындағы досына; «Ленинмен дұрыстап сөйлесу керек еді» – деген екен, Қазақ халқының болашағына сенімі жоғары жүйе құрғысы келген Алаш арыстарының мақсаттары Кеңес үкіметінің қате жүйесінен де, діни қараңғы тобырдан да бөлек Тәуелсіз өркениетті Қазақтың үкіметін құру армандары болғанын тарихи деректерден байқап көріп отырмыз.

«Әр заманның өз ғалымы, әр заман ның өзінің құралы болады» – деп Пайғамбарымыз (А.н.ж) айтқандай, заман өзгереді, адамзаттың санасы заман ның талабына орай дамып-жетіліп отыруы сол ғасырдың негізгі талабы болып табылады. Халықты бір Жаратушыға деген сеніммен, оның адамзатқа міндеттеген негізгі қағидаларын ұстанып, яғни, жер бетінде адамдардың, елдер мен халықтардың бей біт өмір сүру, тіршілік етіп жатырған табиғат тың тепе-теңдігін бұзбай, өз қалау ларымен араларындағы келісім арқылы тыныштықты сақтау міндетті парыз екенін ұмытпағанымыз жөн.

Егерде осындай біріктіруші мақсат тарды әр халық өзі айқындап алып отыра тын болса, Құрани Кәрімнің; «Халықтың ниетіне (мақсатына) қарап орталарыңа басшы жібереміз» – деген сөзі, халықтың сенімі бір мүддеге және бірігу (идеологиясына) мақсаттарына байланысты Жаратушының да халықтың ықыла сына лайықты басшы жіберетініне сенім білдіруі, әрбір халықтың ел болашағы өз қолында ерікті екенін білдіреді.

Тәуелсіз еліміз жаңаша өмір сүру жолы на түскенде ең алдымен ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қойып, дініміз бен ділімізді қорғауға аса мән бере бастады. Әрбір ел өткенін жете танып, асыл мұрасын толық игеру арқылы өркендейді, тарихын, мәдениетін, дінін жетілдіре түседі.

Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қаты насты айқындауға ықпал ететін бірден бір мәселе діни сауаттылық болып сана лады. Келешек ұрпақтың рухани тұрғы да бай болуы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дін саласында білім беруді зерттеу маңызды. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең біле тін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалып тас тыра алады.

Сондықтан да білім беруде жүргізіліп отырған жаңа реформаларды жүзеге асыру – барлығымыз үшін ортақ іс. Жаңа заман жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді. Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы әл-Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы». Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани идеяларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Қазіргі уақытта білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қоғам үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін көтеріп, жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондықтан да, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтап, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, дін ғұламалары еңбектері жайлы білуі керек. Дінге деген жастардың қызығушылығы бүгінгі күні өте жоғары екендігі шындық. Ең бастысы жастарымызға дұрыс бағыттағы діни білім беру үшін діни сауаттылықтың заман талабына сай аса қажеттілігі де сезіледі. Сондықтан жастарымыздың қазіргі ғылым жетістігімен ұштастырып діни сауатын ашу өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мемлекеттің діни саясатының да басты мақсаты – елімізде діни ахуалдың жайлы дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты орнықтыру болып табылады. Кез келген діннің негізгі мақсаты жақсылық пен адамгершілікке тәрбиелеу екендігін ескере отырып, діннің тарихын, танымдық, дүниетанымдық қырларымен таныстыруды да назарда ұстауымыз қажет.

Жаратушымыздың жалпы адамзатқа арнап айтқан Құранды ғылыммен, өмірмен, күнделікті тіршілікпен байланыстыра отырып насихаттап, әрбір жас зердесіне иланым ды, қонымды етіп жеткізу. Адамзат үшін ең қауіптісі- саяси-экономикалық, әлеуметтік емес, әсілі рухани дағдарыс. Жер беті халықтарының бақытты өмірі мен тұрақтылығын, қауіпсіздігін нығайтып, қоғам дық мақсаттарды іске асыру үшін адам затты рухани және материалдық дең гейде үйлесімділікпен өркендеуге бағыттау.

«Ғылым дамығанда Ислам да дамиды» Мұхаммед (с.ғ.с).

«Сана сауықпай адам сауықпайды, адам сауықпай қоғам сауықпайды» Әл – Фараби бабамыз айтқандай негізгі мақсат – уақыт талабына сай сананы сауықтыру.

Қазіргі таңда діни тұрғыдағы насихаттардың түрлі – түрлі пікірлерге бөлініп таралуы жер беті халықтарының тыныштықпен өмір сүруіне кері әсер етуде. Дін (сенім) – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторының бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Сондықтан еліміздегі ортақ ауызбіршілік, ел-жандылық, адамзатты сүю, бейбітшілік пен тыныштық Ислам дінінің мұраты, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан аулақ болып, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Қоғамның тұтастығын бұзатын – экстремизм, терроризм, радикализм, сепаратизм сияқты ұғымдардың Ислам дініне қатысы жоқ екендігін, осы ағымдардың бірлікке емес бүлікке алып баратынын халқымызға және жастарға түсіндіру қажет. Әрбір имандылыққа бет бұрған жастарды анадан дарыған тілін сақтап, дінін мұрат тұтып, дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарын қорғауға тәрбиелеу қажет.

Жаратушы Алла бір деп, мейірбандықты, татулықты, бейбітшілікті жақтайтын, қолымен де, тілімен де өзгеге зиянын тигізбейтін адамдардың бәрін ұлтына қарамай мұсылман деп қабылдап, Адам адамға дос бауыр деп, тыныш қоғамда білімді де саналы азамат болып адал өмір сүруді үйренеді.

Бір Жаратушының жер бетіндегі құлдарына қалаған ақиқат Ислам жолы – (бейбітшілік жолы) тар шеңбердің, әдет – ғұрыптың жиынтығы емес, бүкіл адамзатқа қызмет ететін, әлемдегі халықтарды бірлікке шақыратын бағыт – бағдар, темір қазық. Алланың сөзі – Құран – жер бетіндегі халықтар мәдениеттерінің арасын байланыстырушы, мәдениетті уағыздаушы қызметін атқарып, адам баласына жат қылықтардың бәріне тиым сала отырып, әрбір ұлт-ұлыстарды сыйлауға, құрметтеуге, тілі бөлек болса да тілегі бір екенін, түрі бөлек болса да жүрегі бір екенін, бәрімізді жаратқан бір жаратушы екендігін сезінуге шақырады.

Әрбір адам өз еңбегінің жемісін үлкен үмітпен асыға күтетіні тәрізді, Алла тағала да өзі жаратқан құлдарының өзіне серік қосып, адасып, топ-топқа бөлініп, бір мәмілеге келе алмай жүрген дәрменсіз, мүшкіл халдерін емес, жан дүниесі кемелденген, бір сеніммен бейбіт қоғамда өмір сүріп жатқан бақытты жағдайдағы құлдарының бейнесін көргісі келеді.

Діни сауатты уақыт талабына сай, жастар санасына ұялата алсақ, Уақыт талабына сай, жастардың білім аясы кеңіп, діни және ұлттық қорғаныш қабатын қалыптастырып, көптеген кедергілерге қарсы тұруға мүмкіндік туады. Әрине мұның бәрі оңай бітетін шаруа емес, дегенмен ел болашағының жарқын болуы үшін айқын қадамдар болары анық.

Келешек ұрпақтың рухани тұрғыда бай болуы – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осыған байланысты дін саласында білім беруді зерттеу маңызды. Ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Сондықтан да білім беруде жүргізіліп отырған жаңа реформаларды жүзеге асыру – барлығымыз үшін ортақ іс. Жаңа заман, жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктейді.

Осындай Жаратушының атынан жүйелі, әділетті, сенімі (діні) жоғары қоғам құруда кері әсер беретін үш топтағы адамдар болуы мүмкін;

1. Сөзі мен ісі екі мақсатты көздейтін Әділетсіз басшылық (Әділетсіз Имам) қызметіндегі лауазым иесі, сенімсіздігімен, жеке мақсатын жоғары бағалаумен қоғамға, халыққа өз зиянын келтіреді;

2. Асыра діншіл, (білімсіз діндар) дінді орта ғасырлық ереже заңдармен шектеулі қабылдап, жеке басының, болмаса танымал адамның атынан топ құрып жүретін, заман талабына сай ақыл ойымен үйлесімдігін таппайтын, заманынан қалыс қалып сенімін орнықтыра алмаған, топ құрып бөлектенуші;

3. Өзі ерме, (топас мұсылман) білімі мен ой-өрісіне байланысты жетістігі жоқ, санасымен жеке мақсатынан аса алмай жүрген шолақ белсенділер тобының мүшесі:

Қоғамның шексіз, мәңгілік дамуына кедергі ретінде Шораяқтың Омары атамыз; «Түпсіз ой, білімсіз күш, тұрақсыз іс» – деп айтқандай, шолақ ойлау, шектеулі мақсат, рухани таяздық әр заманда елдің өркениетті, жан-жақты дамуына кесірін тигізетін адамдардың болатынын атап өткен.

Еліміздің заман талабына сай сенімді (діни), өркениетті, мәдениетті, басқа елдерге үлгі көрсететіндей ішкі дінге қатысты ой-өрістерін жоғарыдағы атап өткен лауазымдар жауапкершілігіне лайықты атқаратын міндеттерді шынайы сезінетін адамдар келмейінше, біздің елдің рухани еңсесін көтеруі екіталай болмақ. Абай атамыз «Дүниелік бірлік береке бермейді, сен бай болсаң ертең сенен де бай біреу шығады, рухани (ортақ идеология) бірлік болмай тірлік болмайды» – деп, ел рухани мақсатқа бірікпей береке таппасын айтқан. Бабаларымыздың халықтың біріккен болашағын армандап жанашырлықпен айтқан өсиеттерін ескере отырып, халқымызға ортақ, адамзатқа үлгі боларлық рухани (идеология) бірлікке бастайтын кезеңге қадам басар алдында тұрғандаймыз. Құранда: «Қай қауым болсын, өз жағдайын өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» – дейді. (Рағыт сүресі, 11 аят). Негізінде, Дін – ғылым, дін – идеология, әрбір теріс түсіндірілген идеология адамның санасын улайды.

Ендеше, жолымызды, мақсатымызды айқындап алып елдің болашағына, бабаларымыздың қол жеткізе алмаған бірлік мұратына, өркениетті, мәдениетті елдердің қатарында болуына аянбай адал қызмет жасағанымыз абзал болар еді. Сенімі мен мақсаты бір тілекпен жұмылған халықты Құдай да қолдайтынына күмән келтірмейміз.

Кешегі өткен Мұқағали ағамыздың да өлеңдерінен дінді өте жоғары деңгейде түсінгенін аңғарамыз;

Дін – ғылымның анасы,

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым – діннің баласы,

Дін – ғылымның көкесі.

Ғылым да бар, дін де бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар.

Қол ұстасып Құдайға,

Ғылым мен дін бірге бар. – өлеңінде Сенімсіз (дінсіз) ешқандай ғылымның, білімнің көзі ашылмайтынын көрсетеді. Жаратушымыздың атынан еліміздің ертеңіне немқұрайлы қарамайтын, ел қаражатын халық үшін адал ұқыпты игеретін, жанашырлықпен халықтың келешегіне сенімі кәміл мамандар мен тұлғалар елге адал қызмет жасайтын міндеттерін лайықты жерінде атқаруға тиісті. Президентіміз Қ.К.Тоқаев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 78-сессиясында; «Құран құқықтық тұрғыда қорғалуы тиіс» -деп ұсыныс білдірген болатын. Жер беті халықтарының мақсаты жоғары деңгейде бейбітшіл, сенімі (діні) ортақ орнықты адал тұлғалар ел болашағына Құран сөздерін заман талабына сай негізге ала отырып қолданыста еңбек жасаған уақытта, халық ел билігіне, адамзаттың болашағына толықтай сенім білдіретініне күмән келтірмейтін болады. Осындай амалдар жасалған уақытта Құран құқықтық тұрғыда әлем бойынша қолданыста және қорғаныста болатыны анық.

Тәуелсіздіктің өзі үлкен жауапкершілік екенін және Жаратушының сөзі – бүкіл адамзатқа ортақ міндеттер жүктеп, оның сұрауы да ортақ екенін ұмытпайық ағайын.

Маратбек Нұртайұлы НҰРЖАНОВ

«Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ-нің Қызылорда облысы бойынша директоры

«Имандылық иірімдері», «Жаратушының сөзі – бүкіл адамзатқа» атты кітаптарының авторы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған