2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында Қызылорда облысының көлемінде «Пиротехника» жедел алдын алу іс– шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Осыған орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен барлық бөліністердегі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, облыс көлеміндегі базарлар мен ірі сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Іс-шара басталғалы барлығы 43 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 1042 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған