Еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында аймағымыздағы мұнайды игеруде, өндіруде өзіндік орны бар “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” акционерлік қоғамы үлкен іс-шара өткізді.

– Еңбек жолым 45 жылды құрайды. Оның 30 жылы осы мұнай саласында, қалған 12 жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында өтті. Бүгінде зейнеткерлер қатарына қосылып, зейнетке шығу рәсіміне арналған мерекелік іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Әріптестеріме мол табыс, зор жетістік тілеймін. Абыройы мен ауызбіршілігі бар ұйымның әрі қарайғы жолы осы жастардың қолында тұр. Осы орайда, аға-апаларының салып кеткен сара жолын әрі қарай жандандырады деген толық сенімдемін! – деді Болат Елеуұлы.

Биылғы серпінді жылды қорытындылаған компания ұзақ жылдар қызмет еткен, өңіріміздің көркеюіне аянбай еңбек еткен бірқатар мұнайшыларды салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды. Сондай-ақ компания зейнеткерлері арасында биылғы жылы 80, 70, 60 жасқа толған мерейтой иелерін де құттықтады, сый-сияпат көрсетті.

Салтанатты іс-шараның ашылуында сөз алған “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ-ның вице-президенті С.Қожаниязов құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Бүгінгі таңда «ПетроҚазақстан» компания сының ардагерлері саны 268 адамды құрап отыр, оның ішінде биыл бірқатары 80 жас, 70 жас, 60 жас мерейтойларын атап өткен. Мәселен, Бұрхан Бекбембетов 80-нің сеңгіріне шықса, Қыдырғали Әбдиев, Алмат Бекенов, Роза Бижанова, Үміткүл Сариева, Жаңаберген Жұқашев, тағы басқалар 70 жастың жотасына жетіп отыр.

Биылғы жыл соңында компанияның зейнет керлері қатарына тағы да 33 адам қосылды. Атап, айтқанда, 2012 жылдан бері «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында вице-президент қызметін атқарып келген, мұнай кеніштерінің қалыпты жұмыс жасауын қамта масыз еткен, мұнай өндіру көлемін арттыратын барлық жобаларға басшылық жасаған, еңбек жолында «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Қазақстан Республикасы мұнай-газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» атақтарын иеленген, мемлекеттік марапат – «Құрмет» орденімен және Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған КӨШЕРБАЕВ БОЛАТ ЕЛЕУҰЛЫ «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы басшылығының Алғыс хатымен марапатталды.

ПетроҚазақстан компаниясына отыз бес жылдан астам еңбек жолын арнаған, бөлім бастығынан бастап басқарма төрағасының мұнай-газ өндіру жөніндегі орынбасары, бас инженер лауазымдарына дейінгі еңбек жолын абыроймен атқарып келген ЕРМАХАНО ӨЗБЕКБАЙ КЕНЖЕБАЙҰЛЫ, күрделі құрыл департаментінде құрылысты қадағалау жөніндегі жетекші инженер болып жұмыс жасаған, компаниядағы еңбек өтілі 12 жыл БАЙДҮЙСЕНОВ СЕРІКБАЙ ӨТЕШҰЛЫ, мұнай жә газ өндіру цехының шебері қызметінде жұмыс атқарған, компанияда 28 жыл еңбек еткен БАЙМАНОВ ҚАЛДЫБАЙ ДҮЙСЕМБАЙҰЛЫ Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-разрядты операторы қызметінде жұмыс атқарған, еңбек өтілі 32 жыл БАЙМЕНОВ ҒАЛЫМ ДАЙРАБАЙҰЛЫ, Газ шаруашылығын пайдалану цехында Компрессор қондырғылардың 5-разрядты машинисі болып жұмыс жасаған, еңбек өтілі 16 жыл БИХОЖАЕВ  БАҚЫТЖАН САҒЫНДЫҚҰЛЫ, материалдық ресурстар басқармасында 4-разрядты тиеуіш жүргізушісі болып жұмыс жасаған, еңбек өтілі 16 жыл ЕРІМБЕТОВ ҚУАНЫШБЕК, 5-дәрежелі жұмыс агентін жер қабаттарына айдау жөніндегі сорғылар станциясының машинисі болып жұмыс жасаған, компанияда 33 жыл қызмет атқарған ЖАҚСЫЛЫҚОВ НҰРЛЫБЕК МҰҚАШҰЛЫ, 5-разрядты слесарь-жөндеуші болып жұмыс жасаған, еңбек өтілі 15 жыл ЖҮСІПБЕКОВ НҰРЖАН СЕРІКБАЙҰЛЫ, Күрделі құрылыс департаментінің жетекші инженері болып жұмыс жасаған, еңбек өтілі 14 жыл ЖҮСІПОВ САҒИДАТ СЕРҒАЛЫҰЛЫ, Күрделі жұмыстар жөніндегі аға шебері болып жұмыс атқарған, еңбек өтілі 29 жыл ЖЫЛҚАМАНОВ РАЙЫМБАЙ РАМАДИНҰЛЫ Автомобиль көлігі қызметінің диспетчері болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 28 жыл КӘРІБАЕВ АЛТЫНБЕК ӨТЕГЕНҰЛЫ, компанияда 1995 жылдан бері материалдарды бақылау жөніндегі маманы болып жұмыс жасаған ҚҰПАҒҰЛОВА ҒАЛИЯ ҚАНАЙҚЫЗЫ, Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-разрядты операторы болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 20 жыл ЛҰҚПАНОВ ҮСЕН МІНӘЖҰЛЫ, 4-разрядты химиялық талдау жөніндегі зертханашы қызметін атқарған, еңбек өтілі 33 жыл МАХАМБЕТОВА ҚАЛДЫГҮЛ ОРЫНТАЙҚЫЗЫ, Қабат қысымы сақтау жөніндегі 4-разрядты оператор қызметін атқарған, еңбек өтілі 13 жыл МАХАНОВ СЕРІКБАЙ РАҚЫМҰЛЫ, Өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 17 жыл ОСПАН СӘРСЕНБАЙ БОДЫҚҰЛЫ, кеніштегі ақпараттық технологияларды қолдау қызметінің маманы болып жұмыс істеген, еңбек өтілі 28 жыл СЫРОМОЛОТОВ ОЛЕГ СЕРГЕЕВИЧ мұнай және газ өндіру бөлімінің инженері болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 28 жыл ТӨРЕБАЕВА НҰРЖАМАЛ ШАЙМАХАНҚЫЗЫ Компрессор қондырғылардың 6-разрядты машинисі болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 18 жыл ОТАРБАЕВ МҰРАТ МЫРЗАБАЙҰЛЫ 5-разрядты мұнай-газ өндіру жөніндегі оператор болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 35 жыл ӨТЕГЕНОВ ТҰРСЫНБАЙ РАЙМҰЛЫ Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 5-разрядты операторы болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 30 жыл ШАМЕНОВ АПТЫҚАЛЫҚ ҚАУМЕНҰЛЫ, қаржы департаментінің шығыстарды бақылау бойынша жетекші маманы болып жұмыс істеген, еңбек өтілі 17 жыл ШИН ЛЮДМИЛА НИКОЛАЕВНА техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженер-механигі болып қызмет атқарған, еңбек өтілі 15 жыл НҰРМАҒАМБЕТОВ РАҚЫМБЕК САРДАРБЕКҰЛЫ, отыз жылдан астам осы компанияда КЭГЭБ электрмонтер қызметінен бастап, бас энергетикке дейін жоғарылап, нағыз энергетиктің кәсіби өсу жолының барлық сатыларынан өткен СЕРАЛИЕВ АХМЕТУЛЛА ЕРНИЯЗҰЛЫНА ерекше ілтифат көрсетілді. Биыл зейнетке шыққан барлық зейнектерлер “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада зейнеткерлер атынан биыл “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” компаниясының зейнеткерлер қатарына қосылған, «Құрмет» орденінің иегері Көшербаев Болат Елеуұлы құттықтау сөз сөйледі.

Компанияның Алғыс хатымен марапат талғандардың бірі – Қалдыгүл Махамбетова. Ол Тараз қаласынан арнайы келіп отыр. Еңбек өтілі – 33 жыл.

 – Осы компанияның зертханалық талдау бөлімінде 4-дәрежелі зертханашы болып жұмыс істедім. Алғаш компанияға келгенімде 29 жаста едім. Мұнайды талдап, соңғы куәлігін жазып береміз, сол бойынша мұнай өткізіледі. Бүгінде міне, қызмет етіп келгеніме 33 жыл толып, еңбек демалысына шығып отырмын. Басшылыққа үлкен алғысымды білдіремін. Үлкен іс-шара өткізіп, еңбегімізді елеп жатыр. Сыр елінде мұнай таусылмасын, компания жұмысы әрмен қарай өрлей берсін! – деп Қалдыгүл Орынтайқызы алғысын білдірді.

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акцио нерлік қоғамының кәсіподақ комитетінің цехкомы Ашимов Мақсат Махмұдұлы зей нетке шыққан жандарға жылы лебіз білдіріп «ПетроҚазақстанның еңбек ардагері» төс белгісі мен құттықтау хатын тапсырды.

“ПетроҚазақстан” компаниясының ардаргер лер ұйымының төрағасы Биманов Барлыбай ортаға шығып, зейнеткерлерге қолдауы, қамқорлығы үшін компания басшылығына зейнеткер ардагерлер атынан жылы лебізін білдірді.

Зейнет жастары келіп, зейнеткерлікке шықса да әлі күнге компания қамқорлығын сезініп келе жатқан жандардың құттықтау сөздері де, жылы лебіздері де ерекше болды.

Жалпы “ПетроҚазақстанның” биылғы қоры тынды іс-шарасы халқымыздың “үлкенге ізет” дейтін құндылығының жарқын бір көрінісі болды. Іс-шара соңында компанияның барлық зейнет керлерінің мереке дастарханына азық-түліктей қолдау білдірілді.

Қаншама жанның алғысына бөленген компания басшылығының мерейі үстем болды, сондай-ақ осынша ілтифат көрген зейнеткерлердің де көңілі шаттыққа кенелді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған