Сыр өңірінің дамуына тың серпін беріп, ел экономикасының дамуына өзіндік сүбелі үлесі қосып келе жатқан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қызметкерлері мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.

Соңғы уақытта мұнайшылар арасында да спортпен айналысушылар саны артып келеді. Бұл ретте компанияның орны бөлек. Өткен айдың басынан бастап күні кешеге дейін толық бір айға созылған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ұйымдастырған Қазақстан мұнайының 125-жылдығы және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бөлімшелер арасында мерейтойлық V-шы “ПетроҚазақстан-2024” спартакиадасы өтті. Жақында бір айға созылған спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтіп, онда жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты сәтте үздіктерді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Вице-Президенті Болат Көшербаев марапаттады.

Былтырғы “ПетроҚазақстан” спартакиадасының жабылу салтанатында спартакиада ойындарына «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» Жауапкершілі шектеулі серіктестігінің 2 командасын қосу туралы ұсыныс енгізілген болатын. Биыл сол ұсыныс жүзеге асты. Сонымен биылғы спартакиадаға 12 команда белсене қатысты. Атап өтсек, Құмкөл Мұнай және газ өндіру цехы, ҚАМ Мұнай және газ өндіру цехы, Газды пайдаға жарату цехы, Кеніштегі өндіру технологиясы бөлімі, Технологиялық бөлім, Материалдық ресурстар басқармасы, Қаржы департаменті, Өндірістік қызметтер, Геология, өндіру және игеру, Қауіпсіздік. Құрылыс. Әкімшілік, Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг кен орны, Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг кеңсесі командалары спорттың тоғыз түрінен бақ сынасты. Атап айтқанда шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннис, армрестлинг, асық ату, арқан тарту, жүзу, волейбол және шағын футбол түрлерінен өткен сайыстар аса қызықты болды.

Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген “ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ-ның вице президенті Болат Көшербаев корпоративтік спорт петроқазақстандықтардың өміріне тұтастай сіңіп кеткенін атап өтіп, – «Корпоративтік спартакиаданы өткізу дәстүрге айналды. Бас жүлде жеңімпаз кубогын жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған команданы құттықтаймын. Қалған қатысушыларға жасымаңдар демекпін. Келер жылы тағы да бақ сынап, жеңіске жетулеріне тілектеспін, өйткені ең бастысы – жеңіс емес, қатысу», – деп, барлық қатысушыларға тілек білдірді.

Сондай-ақ Болат Елеуұлы спартакиаданы ұйымдастырушыларға да алғысын білдіріп, жарыс жеңімпаздарын құттықтады, оларға алдағы уақытта спортта да, еңбек жолында да толағай табыстар тіледі. Сонымен бірге жүргізушілер айтып кеткендей, негізінде мұнай өнеркәсібі әрқашан ерлер кәсібі болып саналды, бірақ бүгінгі күні мұнай саласында нәзік жанды арулардың да айтарлықтай үлесі бар.Спартакиадаға қатысқан әрбір нәзік жанды аруларға естелік сыйлық ретінде “Ыдыстар үйінің” 5000 теңге номиналды сертификаты табысталды. Сертификатқа ие болған спартакиадаға қатысушы 40- тан астам қыз-келіншектер компанияға өз ризашылықтарын білдірді.

Шахмат шабандоздары

Он екі команда осы спорт түрінен біріншілікке таласты. Әрбір командада екі қатысушыдан өнер көрсетіп, шахмат жарысы кәсіби төреші Секина Қырмызының төрелік етуімен өткізілді.

Турнир командалық-швейцарлық жүйе бойынша 5 турда өтті. Уақытты бақылау партияның әр қатысушысына 15 минуттан белгіленді.

Бірінші турдан бастап, қорытынды турға дейін командалар арасында ымыраны білмейтін нағыз табанды шайқас жүріп жатты. Бірде-бір команданың құрамында разрядтары бар шахматшылар болмағанын айта кеткен жөн. Дегенмен, мұнайшылар шахмат ойынын бұзбай бақ сынасты. Оның үстіне шахмат қызықты, әрі тартысты ойын болғандықтан, барлық партиялар әдеттегідей соңғы минутқа дейін ойналды. Ойын қорытындысында шахмат ойындары бойынша ерлер арасында: ІІІ орынға Материалдық ресурстар басқармасының қойма меңгерушісі КҮЛІМҒАЛИЕВ ҚАНАТ БАҚЫТҰЛЫ, «КЕНІШТЕГІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ» командасының қатысушысы ӨТЕГЕНОВ ӘДІЛЕТ АЙТМҰХАНБЕТҰЛЫ, ІІ орынға «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ҚОБЛАНДИЕВ БАҚЫТҒАЛИ ЕРҒАЛИҰЛЫ, І орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы ӘБИБУЛЛАЕВ НҰРЛАН ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ ие болып, олар дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Шахмат ойындары бойынша әйелдер арасында: ІІІ орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы ИБРАЕВА АЙНҰРЛЫ РИЗАБЕКҚЫЗЫ, ІІ орынға «ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ» командасының қатысушысы ӘБЕНОВА ТҰМАРКҮЛ АҚМАҒАНБЕТҚЫЗЫ, І орынға «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасының қатысушысы ЖАРМҰХАМБЕТОВА ГҮЛМИРА БОЛАТ[1]ҚЫЗЫ ие болып, олар да дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Армрестлинг – бұл спорттық жеке жарыстардың түрі, бұл жарыстағы матчтың өткізілуі кезінде бірыңғай аттас қолдары қатты, тегіс беткейге қойылып, алақандар құлып болып ұстасады. Жарысқа қатысушылардың міндеті – қарсыластың қолын беткейге басып қыспаққа алу. Армрестлинг спорттың олимипиадалық түрі болып табылмайды, алайда қол күресі кең танымалдыққа ие.

Турнир өткізілгенге дейін осы жарысты спартакиадаға енгізудің қажеті бар ма, жоқ па, күш сынасатындар табыла ма, табылмай ма, әрбір салмақ дәрежесі бойынша қатысушылардан қажетті адам саны жинала ма, жиналмай ма деген көп күмән де болды.

Жарыс регламенті бойынша команданың құрамы екі салмақ дәрежесі бойынша (80 келіге дейінгі және 80 келіден жоғары) жасақталды. Жарыс қоссайыс жүйесі бойынша өтті – сол жақ қолмен де, оң жақ қолмен де сайысу. Армрестлинг бойынша ұйымдастырылған жарыстарға 20 атпал азамат қатысып, әркім өз салмақ дәрежесінде жеңіске жету үшін күш сынасты.

ҚОЛ КҮРЕСТЕН 80 келіден астам салмақ бойынша ерлер арасында: ІІІ орынға «ТҰЗКӨЛ МҰНАЙ ГАЗ ОПЕРЕЙТИНГ КЕН ОРЫН» командасының қатысушысы АЙТМАҒАМБЕТОВ ЖАҚСЫ[1]БЕК ЖАЛҒАСҰЛЫ, ІІ орынға «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ» командасының қатысушысы ЖАППАСБАЕВ ҚУАНДЫҚ САҒЫНДЫҚҰЛЫ, І орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы ҚОШТАЕВ РУСЛАН ӘДІЛБЕКҰЛЫ ие болып, оларға да диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.

ҚОЛ КҮРЕСТЕН 80 келіге дейінгі салмақ бойынша ерлер арасында: ІІІ орынға «КЕНІШТЕГІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ» командасының қатысушысы ӘУЕЛБЕК АРМАН ЖЕҢІСБЕКҰЛЫ, ІІ орынға «ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ТАТАРЕНКО ДЕНИС АЛЕКСАНДРОВИЧ, І орынға «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ» командасының қатысушысы САРМАНҚҰЛОВ БАУЫРЖАН БАҚЫТЖАНҰЛЫ,

ҚОЛ КҮРЕСТЕН 65 келіден астам салмақ бойынша әйелдер арасында: ІІІ орынға «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ҚОСАНОВА АЙКҮМІС МӘДІБЕКҚЫЗЫ, ІІ орынға ие болған «ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗ ОПЕРЕЙТИНГ КЕҢСЕ» командасының қатысушысы ҚАПАНОВА АНАР БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, І орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы КАШЕЧКИНА МАРИЯ НИКОЛАЕВНА,

ҚОЛ КҮРЕСТЕН 65 келіге дейінгі салмақ бойынша әйелдер арасында: ІІІ орынға «ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ» командасының қатысушысы САНКИБАЕВА ЛӘЗЗАТ САЙЛАУҚЫЗЫ, ІІ орынға «ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ЖАЛИМБЕТОВА АЙГҮЛ АЛДАНҚЫЗЫ, І орынға «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасының қатысушысы САПАРБЕКОВА ЖАНАР САПАРБЕКҚЫЗЫ ие болып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тоғызқұмалақ тұнған теңдеу

Тоғызқұмалақ – бұл ертеден келе жатқан ұлттық ойын, алғаш рет төрт мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болған деген дерек бар. Әрі уақыт өткен сайын спорт ойындары арасында кеңінен танымал бола түсуде. Тоғызқұмалақты Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сынды ұлт зиялылары ойнаған.

Әр ойналатын партиядағы мақсат – қарсыластың шарларын өз қазаныңа мейлінше көптеп жинап алу. Ойын адамды қисындық жүйемен   ойлауға және өз математикалық қабілеттерін дамытып өрістетуге ықпал етеді. Жарыстарға төреші Ақторғын Қошқарова қазылық етті.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойындары бойынша ерлер арасында: ІІІ орынға ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасының қатысушысы Қаржы департаментінің САП кеңесшісі ЖӘКЕБАЕВ ҒАБИТ ҰЗАҚҰЛЫ, ІІ орынға «КЕНІШТЕГІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ» командасының қатысушысы Кеніштегі өндіру технологиясы бөлімінің геологы МАҚАШЕВ АЙДОС БЕЙБІТҰЛЫ,  І орынға «ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ» командасының қатысушысы Барлау және игеру департаменті топ жетекшісі ТӨЛЕГЕНОВ АБДЫҚАДЫР ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ,

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойындары бойынша әйелдер арасында: ІІІ орынға «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ДОСМАИЛОВА ШОЛПАН ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, ІІ орынға «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасының қатысушысы ҚҰТЫБАЕВА АҚМАРАЛ ҚОЖАБЕКҚЫЗЫ, І орынға «ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ» командасының қатысушысы ИБРАХИМОВА ЖАНАТ АМАНДЫҚҚЫЗЫ ие болып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Теннисшілер текетіресі

Мұнайшылар теннис спортынан да құралақан емес екенін көрсетті. Шағын ракетка шеберлері арасында өткен жарыстар шын мәнінде көпшілік тамашалаған шиеленісті ойын болды.

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ойындары бойынша ерлер арасында: ІІІ орынға «ТҰЗКӨЛ МҰНАЙГАЗ ОПЕРЕЙТИНГ КЕН ОРЫН» командасының қатысушысы ЛЮ ЦЗЯНБО, ІІ орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы КИМ АЛЕКСАНДР ЮРЬЕВИЧ, І орынға «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы РЫСҚҰЛОВ НҰРЛАН КЕНЖЕБЕКҰЛЫ,

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ойындары бойынша әйелдер арасында: ІІІ орынға «ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ЕСЖАНОВА САЛТАНАТ ЖӘРДЕМҚЫЗЫ, ІІ орынға «ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТЕР БӨЛІМШЕСІ» командасының қатысушысы ШЕМБЕКОВА ҒАЛИЯ РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ, І орынға «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ» командасының қатысушысы СЫЗДЫҚОВА СӘРСЕНКҮЛ ӘБІЛҚЫЗЫ ие болып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Су спорты жеңімпаздары

Суда жүзушілер сайысы екі кезеңде өтті, яғни әйелдер мен ерлердің жекелей жүзулері. Жекелей есепте ерлердің алдында 50 метр қашықтықты еркін стильде еңсеру міндеті тұрды. Үздік нәтиже көрсеткендер аз болмады.

ЖҮЗУДЕН ерлер арасында: ІІІ орынға «ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ ЖЕТЕС ЖАНБОЛСЫНҰЛЫ, ІІ орынға «МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАС­ҚАРМАСЫ» командасының қатысушысы ТӘЖІБАЕВ НҰРБОЛ БЕГІМҰЛЫ, І орынға «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасының қатысушысы ӨТЕБАЕВ СӘКЕН ҚАЛМҰРАТҰЛЫ,

ЖҮЗУДЕН әйелдер арасында: ІІІ орынға «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасының қатысушысы ЧЕРНИКОВА ОКСАНА ВАЛЕНТИНОВНА, ІІ орынға «ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ» командасының қатысушысы АЛЫМОВА ЛЮДМИЛА ЮРЬЕВНА, І орынға «ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛЫС ӘКІМШІЛІК» командасының қатысушысы ГЮНДЮЗ АНАСТАСИЯ ОЛЕГОВНА ие болып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асық атқан – озар

Спартакиада жарысында дәстүрге айналған ұлттық ойындарға аса мән берілді. Ұйымдастырушылардың ұтқан тұстарының бірі де осы болды. Қатысушылардың да ұлттық ойындарға деген қызығушылығы басым түсті.

Көздеп, дәлдеп асық ату кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Шапшандықпен қатар мергендікті, ептілікті қажет ететін бұл ойынды ойнаудың қалыптасқан өз ережесі бар. Сонымен бұл ойын командалық түрде өтті.

ҰЛТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АСЫҚ АТУ МЕН БЕС АСЫҚ ойындары бойынша ІІІ орынға «ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛЫС ӘКІМШІЛІК» командасы ие болды.

Команда құрамында: Ниязов Ғани Хұсайынұлы, Шалабаев Ербол Мұхаметәліұлы, Жалимбетова Айгүл Алданқызы шебер ойын көрсетті.

ІІ орынға «ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗ ОПЕРЕЙТИНГ КЕН ОРЫН» командасы ие болды. Команда құрамында Байкөбеков Жарас, Алпысбаев Абзал, Толыбекова Айжанда шебер ойын көрсетті.

І орынға «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасы ие болды,

Команда құрамында Жунусуов Абзал, Хафизов Рамиль, Кутыбаева Акмарал шебер ойын көрсетті.

Команда жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Арқан татыс – күш тартысы

Қайсыбір бұқаралық іс-шарада өтетін спорт сайыстарының қызықтыларының бірі – арқан тартыс. Тартыс кезінде командаларға бөлінетін қатысушылар өз күштерін, табандылықтары мен шыдамдылықтарын байқатады. Күші мығымнан бөлек айласы асқанның да жеңіс тұғырына көтерілетіні бар.

Арқан тартыс ойыны бойынша ІІІ орынға команда құрамында: Харченко Андрей, Хисамов Руслан, Кудайбергенов Алимжан, Толыбаев Асылбек, Садуакасов Акансери, Нуржанов Руслан секілді мықты ойыншылары бар «ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ» командасы ие болды.

ІІ орынға команда құрамында: Реджепов Фархат, Жалимбетов Рустем, Абдусадиков Талгат, Жылысбаев Алмас, Шукуров Руслан, Сисенов Нурбол секілді мықты ойыншылары бар «ҚАМ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасы ие болды.

І орынға команда құрамында: Жолдыбаев Асхан, Кабулов Джахангир, Сулейменов Нургазы, Салымов Ерболат, Ыбрай Ғалымжан, Бекназаров Галымжан секілді мықты ойыншылары бар «ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ» командасы ие болды.

ВОЛЕЙБОЛ – ҚОЛ ОЙЫНЫ

Спорт ойындары арасында кеңінен тараған волейбол – “ПетроҚазақстандықтардың” сүйікті спорт сайыстарының бірі. Волейбол ойынының да өзіндік ерекшеліктері бар. Екінің бірі қарсыласының соққысын кері қайтара алмайтындықтан да кез-келген адам волейбол ойнай алмайды. Аяқ күшімен қатар қол күшінде қажет ететін бұл ойын негізі есепке құрылған. Әрі командалық бір толқында ойнауды қажет етеді.

Волейбол ойындары бойынша: ІІІ орынға команда құрамында:

Оспанов Рахманберді, Нұрпейіс Елдос, Кулмаханов Фарид, Курманбаев Галимжан, Нурмаганбетов Кайрат, Мұхамедов Болат секілді мықты ойыншылары бар «ГАЗДЫ ПАЙДАҒА ЖАРАТУ ЦЕХЫ» командасы ие болды.

ІІ орынға команда құрамында: Жолдыбаев Есжан, Алтаев Мейрамхан, Шукеев Әділет, Жұбанияз Раушан, Сарманкулов Бауыржан, Тұрабаев Тұрмат, Аскар Сейсенов, Суюмбаев Еркін секілді мықты ойыншылары бар «ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ» командасы ие болды.

І орынға команда құрамында: Кульманов Султанай, Ескараев Алмас, Ердуллаев Ермурат, Жаксыбаев Айбек, Кайшыбай Тимур, Калдыбаева Жанар, Исаманов Бахытжан секілді мықты ойыншылары бар «КЕНІШТЕГІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ» командасы ие болды

Футбол – спартакиада сәні

Спортқа жақын әрбір жанның таласы бар футбол ойыны “ПетроҚазақстан” спартакидасының мәртебесін көтерді десе де болады. Бұл ойын түрі қатысушылардан бөлек жанкүйерлер тарапынан да кең қолдау тапты.

ІІІ орынға МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ командасы, ІІ орынға ТҰЗКӨЛМҰНАЙГАЗ ОПЕР[1]ЕЙТИНГ КЕҢСЕ командасы, І орынға ГЕОЛОГИЯ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИГЕРУ командасы ие болып, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздардың мерейі үстем

Спартакиада ойындарына белсене қатысып өз күштіліктерін байқата білген барлық қатысушы жүлдесіз қалған жоқ. Жүлденің басы 5000 теңгеден басталып, 160 мың теңгеге жетті.

ЖАЛПЫ КОМАНДЫЛЫҚ ЖЕ[1]ҢІМПАЗДЫ анықтау мақсатында барлық командалардың жинаған ұпай сандарын санағанда 121 ұпай жинаған ҚҰМКӨЛ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫ ІІІ орынды иеленіп, команда құрамасы ІІІ дәрежелі дипломмен және команда ойыншылары медальдармен марапатталады.

Одан кейін 131 ұпай жинаған МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ ІІ орын иеленіп, команда құрамасы ІІ дәрежелі дипломмен және команда ойыншылары медальдармен марапатталады.

138 ұпай жинаған ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ командасы І орын иеленді. Атап кету керек, ұйымшылдықтың, достықтың және командалық рухтың арқасында “ПетроҚазақстан” спартакиадасының үш дүркін жеңімпазы болып ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІ командасы атанды.

Команда құрамасы І дәрежелі дипломмен, Көшпелі Кубокпен және команда ойыншылары медальдармен марапатталды.

Экономикамыздың күретамыры саналатын мұнай саласындағы ірі, үлкен компания «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» қай кезде де компания қызметкерлерінің, жұмысшыларының мұнай өндірудегі ерен еңбектерінен бөлек олардың әл-аухатын арттыруға, табысын молайтуға сонымен қатар саламатты өмір салтын ұстануға да қызмет етіп келеді. Осы жолғы Спартакиада компания мұнайшылары үшін бір-біріне етене жақындай түсуге, ұжымда командалық рухты нығайтуға тамаша мүмкіндік болды. Барлық бөлімшелер сайыстарда абыроймен ойнады, жеңіске деген табандылығы мен ерік-жігерін көрсетті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған