Есімі елге белгілі, өз қызмет жолында департамент директоры, екі рет Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, тіпті екінің біріне бұйыра бермейтін Үкімет басшысы Кеңесінің бас инспекторынан бастап бөлім меңгерушісі лауазымына дейін өскен, еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған С.Қожаниязов тағы да лауазымды қызметке тағайындалды.
Ол енді “ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз” компаниясының вице-президенті ретінде компанияның күрделі құрылыс, Үкіметпен, жергілікті мемлекеттік органдармен байланыс бағыттарына жауапты.
Әлеуметтік желіде Серік Салауатұлын жаңа қызметімен құттықтаушылар көп-ақ. Солардың бірі Мәжіліс депутаты М.Әбенов “Ол Сыр елі халқының мүддесін мұнай саласында қорғай алады” депті. Расында да…