Бүгінде қолыңыздағы ұялы телефонмен көп шаруаны шешуге болады. Банктегі ақша аударымдарымен қатар мемлекеттік қызметтерге дер кезінде қол жеткізе аласыз. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынатын «Egov mobile» қосымшасы азаматтардың мемлекеттік қызмет алу қолжетімдігін тиімді пайдалану үшін жасалған.Қызмет алушылар ХҚО бармай, үйден телефон арқылы мемлекеттік қалаған қызметіне тапсырыс береді. Қазіргі уақытта аталған қосымшаның жаңа нұсқасына 20-дан астам мемлекеттік қызмет қосылды.
Тарқатып айтар болсақ, ҚР территориясында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру т.б қызметтер бар.
Мобильді қосымшада жаңа цифрлық құжат қатарына «аңшы куәлігін» беру қызметі қосылды.Сонымен қатар, елімізге келген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметі және көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын пайдалана алады.
Қазіргі таңда жаңа «Мобильді ЦОН» қосымшасы ел тұрғындарының жұмысын жеңілдетуге қызмет жасауда. Бейне байланыс арқылы ЭЦҚ кілтін алу мүмкіндігі бар. Мұнан бөлек қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік обьектілерінің техникалық паспортының телнұсқаларын беру,баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау,жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерінде алуға болады.
Байдешова Гүлжан Мыңжасарқызы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша Сырдария аудандық бөлімінің маманы